ХАБАРЛАМА
«Аптап ыстықта орман да, адам да оттан қорқады«
Құрметті Кеген ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылдың шілде айы біздің аудан үшін өте ыстық және құрғақ ай болыптұр. «Қазгидромет» мәліметі бойынша күн сайын ауа температурасы *+38°C-тан +40°C-қа* дейін көтерілуде. Түнде де салқындау жоқ.
Осындай аптап ыстық салдарынан Кеген ауданының барлық орманалқаптарында өрт қаупі » жоғары« деңгейге жетті. Бір ғана ұшқын мыңдағангектар орманды, жабайы жануарларды және жақын маңдағы елді мекендердіқауіпке әкелуі мүмкін.
«Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесініңқызметкерлерінің жұмысы:
1. Тәулік бойы кезекшілік. барлық учаскелерде күзет-рейд жұмыстарыкүшейтілді.
2. Өрт сөндіру техникасы мен құралдары дайын. Мотопомпа, су цистерналары және қол құралдары толық жабдықталды.
3. Халықпен жұмыс. Орманға кірер жолдарға, демалыс орындарына 50-ден астам ескерту тақтайшалары мен паннолар орнатылды.
Біз — Сіздерден сұраймыз
Орманға барғанда мына ережелерді қатаң сақтаңыздар:
1. Орманда және далалық алқапта от жақпаңыздар! Мангал, от жағу, масақ өртеуге қатаң тыйым!
2. Темекі тұқылын тастамаңыз! Бір сөндірілмеген темекі үлкен өртке себепболады.
3. Шыны бөтелке, қоқыс қалдырмаңыз! Күн сәулесі шыныдан өтіп, шөптітұтандырады.
4. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз! Баланың қолына сіріңке тигізбеңіз.
Егер сіз түтінді немесе өрт ошағын көрсеңіз, дереу әрекет етіңіз:
*101 — Өрт сөндіру қызметі*
*112 — Құтқару қызметі*
*8-727-77291091— Кеген орман шаруашылығы кезекшісі*
Айта кетейік, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған немесе ормандағыжұмыстарға шектеулерді елемеген азаматтарға заң аясында ірі айыппұлдарсалынуы мүмкін.
Ормандағы өрт қауіпсіздігі – табиғатты қорғаудың және адам өмірініңқауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Орман өрттерінің 90%-дан астамы адамдардың отты абайсыз қолдануынан және санитарлық ережелердіелемеуінен туындайды.
Құрметті ағайын! Кегеннің таулы орманы — біздің атадан қалған мұрамыз. Оны сақтау — бәріміздің ортақ борышымыз.
*Ыстық күндерде сақ болайық! Орманды өрттен сақтайық!*
Құрметпен, Кеген орман шаруашылығы қызметкерлері !!!
20 Шілде, 2026 жыл