Алматы облысында 78,7 млрд теңгеге бағаланған сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар жойылды
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында камералдық бақылау тетігін белсенді қолданып келеді. Заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бұл жұмыстар бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсауға мүмкіндік береді.
Департамент жүргізген камералдық бақылаудың ауқымдылығы сонда — 970 млрд теңгеге жуық қаражат тексеріліп, нәтижесінде миллиардтаған бюджет қаржысының заңсыз жұмсалуына дер кезінде тосқауыл қойылды.2026 жылдың 8 айында (2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында) Департамент мамандары жалпы құны 970 млрд теңгеге жуық 15 329 лотты камералдық бақылаумен қамтыған.
Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша:
- 3 694 лотта(жалпы сомасы 92,4 млрд теңге) заңнама талаптарына қайшы келетін бұзушылықтар анықталды;
- Тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырушыларға жедел түрде тиісті хабарламалар жіберілді;
- Нақты шаралардың нәтижесінде3 612 лот бойынша жіберілген қателіктер толықтай жойылып, 78,7 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу рәсімі заң шеңберіне келтірілді.
Аудит мамандарының айтуынша, камералдық бақылаудың басты артықшылығы — бұзушылықтарды келісімшарт жасалып, қаржы игеріліп кеткенге дейін, яғни дәл сатып алу кезеңінде анықтап, дер кезінде түзетуге мүмкіндік беруінде.

Тексеру барысында кемшілік жіберген лауазымды тұлғалар жауапкершіліктен тыс қалмай, оларға салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 6,39 млн теңгені құраған болатын. Сатып алу рәсімдерінде ереже бұзған лауазымды тұлғалар да жауапкершіліктен қашып құтыла алмады. Есепті кезеңде жалпы 76 лауазымды тұлғаға 6,39 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды:
- ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша— 66 лауазымды тұлғаға 3,36 млн теңге;
- ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша— 10 лауазымды тұлғаға 3,03 млн теңге.
Департаменттің жүйелі жұмысы ең алдымен мемлекеттік сатып алудың ашықтығын сақтауға және қоғам сенімін берік орнықтыруға арналған. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұл жүйелі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырмақ. Мемлекеттік сатып алудың ашық әрі заңды өтуі — бюджет қаржысының үнемделуінің кепілі ғана емес, елдегі мемлекеттік басқару жүйесіне деген қоғамдық сенімнің берік іргетасы.