Қағаздағы оқушылар мен заңсыз миллиондар

Аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша «Dana school» мектебі бюджеттен қаржы алу мақсатында оқушылардың нақты саны туралы бұрмаланған мәліметтер ұсынғаны анықталды. Есепке мектептен шығып кеткен және елде болмаған оқушылар да енгізіліп, олар үшін 2024 жылы 5,34 млн теңге мен 2,85 млн теңге, ал 2025 жылы 11,23 млн теңге мен 3,16 млн теңге негізсіз бөлінген. Сондай-ақ, шетелде жүрген 9 оқушының атына 2024 жылы 3,95 млн теңге, ал 2025 жылы 2,86 млн теңге қазынадан заңсыз аударылған.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымы тиісті лицензиясы жоқ екінші мекенжайда қызмет атқарып, бұл үшін мемлекеттен 170,8 млн теңге қаржы алған. Ал «Shakirt School» ЖШС-мен жасалған 10 жылдық ғимаратты жалдау келісімшарты әділет органдарында тіркелмегені белгілі болды. Мектеп ғимаратының сыйымдылығы небәрі 60 орынға арналғанына қарамастан, оқушылар саны белгіленген нормадан 2024 жылы 2 593-ке, ал 2025 жылы 1 229-ға асып кетіпті. Осы негізде 2024 жылы 218,29 млн теңге, ал 2025 жылы 111,01 млн теңге игерілген.

Тексеру кезінде нысанды қабылдау актісі тек 2025 жылғы 7 қазанда бекітілгеніне қарамастан, ғимарат оған дейін-ақ пайдаланылып келгені әшкереленді. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізген тексеру материалдары құқық қорғау органдарына тапсырылып, аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

*Фото ЖИ арқылы жасалған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Алматы облысы бойынша МӘМС филиалында 2,6 млрд теңгелік бұзушылықтар анықталды
Следующая запись 1,3 миллиард теңгенің шикілігі: Қонаевтағы саябақ абаттандыруда ірі заңбұзушылық әшкереленді