Алматы облысы бойынша МӘМС филиалында 2,6 млрд теңгелік бұзушылықтар анықталды

Адам денсаулығы – мемлекеттің басты құндылығы. Алайда осы салаға бөлінген миллиардтардың қайда және қалай жұмсалып жатқанына келгенде қаржылық тәртіптің шетте қалатыны өкінішті-ақ. Алматы облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының 2023–2025 жылдар аралығындағы қызметіне жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит медицина жүйесіндегі сұмдық бұзушылықтардың бетін ашты.

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексерумен қамтыған 3 млрд теңгелік бюджеттің басым бөлігі, яғни 2,6 млрд теңге заңсыздықтар мен қаржылық заңбұзушылықтардың құрбаны болған.

Бұл – жай ғана қағаздағы цифрлар емес, халықтың қалтасынан шыққан ортақ қазынаның талан-таражға түсуі.

Департамент тексерісі медицина жүйесін жайлаған қағаздағы «елестер» мен қос төлемдерге негізделген миллиондаған қаржылық схемаларды да әшкереледі .Тексеріс көрсеткендей, есептегі деректер мен нақты жағдайдың арасы жер мен көктей. Жүйеде жоқ «пациенттер» мен орындалмаған қызметтер есепке жазылып, 380 млн теңге ауадан жасалған төлемдерге бағытталған. Оған қоса, бір қызметке екі көзден ақша алу схемасы арқылы 723 млн теңге заңсыз игерілген.

Мемлекеттік сатып алу саласы да бұл заңсыздықтардан айналып өтпепті. Талғар орталық аудандық ауруханасы жекелеген кәсіпкерлермен «бір көзден алу» тәсілімен 448 млн теңгенің келісімшартын жасасқан. Ал «Аяжан» ЖК өз міндеттемесін орындамай, бюджетке 6 млн теңге дебиторлық қарыз қалдырған.

Қаржыдан бөлек, техникалық сорақылықтар да жетіп артылады. Кейбір ауруханаларда ең төменгі стандартқа қажетті тасымалдау кувездері, дефибрилляторлар, пульсоксиметрлер, тіпті қарапайым кресло-арбалар мен каталкалар атымен жоқ. Сертификатталмаған және мемлекеттік тіркеуден өтпеген медициналық бұйымдарды пайдалану жүйедегі бақылаудың ақсап тұрғанын дәлелдейді.

Цифрландыруды күшейтіп, әрбір теңгенің ашықтығын қамтамасыз етпейінше, халықтың медицинаға деген сенімін қалпына келтіру мүмкін емес.

*фото ЖИ арқылы жасалған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Ғасыр жасаған әже Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады
Следующая запись Қағаздағы оқушылар мен заңсыз миллиондар