Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ міндет

Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мен халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың басты шарты — сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес жүргізу және оның алдын алу. Бұл орайда құқық қорғау немесе жазалау шараларынан бөлек, қоғамда жемқорлыққа қарсы берік иммунитет пен төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор.

Осы маңызды мәселеге Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Елдос Ерғалиұлы ерекше тоқталып, мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтаудың негізгі аспектілерін бағамдады.

Елдос Ерғалиұлының атап өтуінше, кез келген қоғамның тұрақты дамуы мен мемлекеттің өркендеуі, ең алдымен:

  • Заңның үстемдігіне;
  • Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сенімді қорғалуына;
  • Мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен айқындығына тікелей байланысты екенін ескертті.

Сыбайлас жемқорлық — тек мемлекеттің экономикалық өсіміне кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамдағы әділдік, теңдік және сенім сияқты іргелі қағидаттарды шайқалтатын қауіпті құбылыс. Сонымен қатар, ол мемлекеттік институттардың беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан бұл дертпен күрес тек салдарымен күресумен  шектелмей, ең алдымен, оның пайда болу себептері мен шарттарын жоюға, заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталуы тиіс.

Уәкіл мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір қызметкердің жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Мемлекеттік қызметші — бұл жай ғана лауазым иесі емес, ол — мемлекеттің жүзі.

«Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында заң талаптарын қатаң сақтап қана қоймай, жоғары моральдық және әдеп нормаларын ұстануы тиіс», — дейді Елдос Ерғалиұлы.

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мен азаматтардың сенімін нығайтудың негізгі факторлары:

  1. Қызметтік мүмкіндіктерді, өкілеттіктерді немесе мемлекеттік мүлікті жеке бастың немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне пайдалануға мүлдем жол бермеу.
  2. Азаматтармен қарым-қатынаста әрдайым сыпайылық білдіріп, мәселелерді қарау кезінде шынайы әрі объективті ұстанымда болу.
  3. Кез келген шешім қабылдау процесінде жеке мүдде мен қызметтік міндеттердің арасында басымдыққа жол бермеу, бейтараптылықты сақтау.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ең тиімді тәсілі — оның алдын алу. Осы мақсатта Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жүйелі түрде кешенді жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

Ұжымдағы құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары келесі бағыттарды :

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды қызметкерлерге дер кезінде жеткізу.
  • Мемлекеттік аудит процестеріндегі ықтимал жемқорлық тәуекелдерін алдын ала талдап, оларды жою шараларын қабылдау.
  • Қызметтік әдеп нормалары мен шектеулерін бұлжытпай сақтауды күнделікті әдетке айналдыруды қамтымақ.

Елдос Ерғалиұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түпкі мәніне теңдес баға берді:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – заң талаптарын жай ғана білуден емес, сол талаптарды күнделікті өмірде және қызметте бұлжытпай орындаудан қалыптасады. Адалдық та, жауапкершілік та әр адамның ішкі ұстанымына, өмірлік қағидатына айналған кезде ғана қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ортасы нығая түседі».

Сыбайлас жемқорлықпен күресу — бұл тек құқық қорғау органдарының немесе жекелеген мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес. Бұл — мемлекет пен қоғамның, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімі әрбір қызметшінің күнделікті адал, ашық әрі заңды іс-әрекетінен құралады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз, тұрақты және де жүйелі түрде жалғаса бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Сөрелердегі жаңа өмір
Следующая запись МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕП – КӘСІБИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ ТІРЕГІ