
Заңсыз шырша кескендерге қатаң жаза қолданылатын болады
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында елімізде қылқан жапырақты ағаштарды (шырша, қарағай және басқалары) заңсыз кесу жағдайлары жиі кездеседі. Әсіресе, шыршалар дүкендерде және базарларда сатылатыны белгілі, бірақ оны заңсыз кесу – экологиялық қауіпті әрекет ғана емес, сондай-ақ құқық бұзушылық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, орман қорына жататын ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін қатаң жазалар қарастырылған. Егер залал 50 АЕК (Айлық есептік көрсеткіш) көлемінде болса, жеке тұлғаларға 369 200 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға 1 107 600 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 1 476 800 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 3 692 000 теңге айыппұл салынатын болады.
Бұл жазалар тек әкімшілік сипатта ғана емес, егер шығын 50 МРП (Минималды айлық жалақы) мөлшерінен асып кетсе, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылады. Осылайша, заңсыз шырша кесу әрекеттері тек экологияға емес, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігіне де айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Орманды қорғау, экологиялық теңгерімді сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Жаңа жылдық шырша мен қарағайды заңсыз кесудің салдары ауыр болатынын ескеріп, тұрғындар мен кәсіпкерлерге табиғатты қорғауға шақырамыз. Өйткені, орман байлығы – еліміздің теңдесі жоқ қазынасы, және оны сақтап қалу – үлкен жауапкершілік.
Больше историй
Қарағайға сүйеніп тал өсер
Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі...
Көлсай мен Қауіпсіздік…..
Кеген ауданының әкімінің өкімімен аудан аумағындағы экологиялық және танымдық туризмды дамыту мақсатында ұлттық парк аумағында туристтер мен демалушыларға арналған туристтік...
Қоғамның негізі – ұрпақтар арасындағы байланыс
Әр буын – өткен мен болашақ арасын жалғайтын алтын көпір. Сол сабақтастықты сақтау, нығайту және дамыту – елдің рухани тұрақтылығы...
Қазақ – қырғыз бір туған
Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас өскен, Алатаудың күнгейі мен теріскейін қоныс еткен қос халықтың тарихи тамырластығы, бауырластығы ажырамай келе жатқаны...
«Парктер шеруі» немесе Кегендегі экологиялық акция
Екі ғасырдан бері АҚШ пен Батыс мемлекеттерінде ерте көктемде тұрақты түрде өткізілетін «Парктер шеруі» акциясына Қазақстан 1997 жылы ғана қосылды....
Тәртіпке бағынған құл болмас…
Алдыңғы мақалада еліміздегі туризмның жауһарларының бірі «Көлсай көлдері» ұлттық парк аумағына Кеген ауданының әкімінің өкімімен аудан аумағындағы экологиялық және танымдық...
Average Rating