Еңбек бағдарламасы аясындағы субсидияланған жұмыс орындары

Жұмысшы субсидиясы — бұл мемлекет тарапынан жұмыс берушілерге немесе жұмыс іздеушілерге берілетін қаржылай қолдау түрі. Бұл субсидиялар халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту және әлеуметтік әл-ауқатты арттыру мақсатында беріледі. Қазақстанда бұл бағдарлама «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асады.

Бағдарлама бойынша қысқаша түсіндіріп кетсек:

  1. Қоғамдық жұмыс — мансап орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері.

1) жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің
207-бабының
1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;

2) мына әлеуметтік мәртебелердің бірінің болуы:

— жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;

— оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

— өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.

Еңбекақы мөлшері: кемінде 20 айлық есептік көрсеткіш*

Жалақыны субсидиялау мерзімі: 12 айдан аспайды.

  1. Әлеуметтік жұмыс орындары — жұмыс беруші мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн құратын олардың жалақысы субсидияланатын арқылы құратын жұмыс орындары.

1) жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің                 207-бабының                     1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;

2) жұмыссыз ретінде тіркелу.

Еңбекақы мөлшері: жұмыссыздар үшін жалақының белгіленген мөлшерінің
35 %-ын құрайды, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайды үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін жалақының белгіленген мөлшерінің
70 %-ын құрайды, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Жалақыны субсидиялау мерзімі: 12 айдан аспайды.

  1. Жастар практикасытехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.

1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен кейін
5 (бес) жыл ішінде;

3) меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;

4) жұмыссыз ретінде тіркелу.

Еңбекақы мөлшері: кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш

Жалақыны субсидиялау мерзімі: 12 айдан аспайды.

  1. «Алғашқы жұмыс орны» жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба.

1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;

2) жұмыс тәжірибесінің болмауы;

3) жұмыссыз ретінде тіркелу (зейнетақы жарнасы мүлде болмау керек).

Еңбекақы мөлшері: кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш

Жалақыны субсидиялау мерзімі: 18 айдан аспайды.

  1. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары — оқу орындарының жұмыссыз түлектерін өздері алған кәсібі (мамандығы) бойынша немесе ұлттық кәсіптер сыныптауышында қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша жұмысқа орналастырып, кейіннен бағытталған Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді алмастыруға жоба.

1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен 3 (үш) жыл ішінде;

4) жұмыссыз ретінде тіркелу.

Еңбекақы мөлшері: кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш

Жалақыны субсидиялау мерзімі: 6 айдан аспайды.

  1. «Күміс жас» жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары — 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба.

1) жасы: 50 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің
207-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;

2) жұмыссыз ретінде тіркелу.

Еңбекақы мөлшері: жұмыстың бірінші жылы (1-ші айдан бастап 12-ші айға дейін) үшін алақының белгіленген мөлшерінің 70%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды, жұмыстың екінші жылы (13-ші айдан бастап 24-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 65%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды, жұмыстың үшінші жылы
(25-ші айдан бастап 36-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 60%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Жалақыны субсидиялау мерзімі: 36 айдан аспайды.

*1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)= 3932 тенге

Кеген ауданының  мансап орталығы

 

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті