
Мектебімізге 100 жыл (Эссе)
Мектеп — білімнің кілті,тәрбие бастауы,ұлттың “болашағы”- деген ұлағатты сөздің мәні уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсуде. Білім — адам өмірінің шамшырағы.Сол шамшырақты алғаш жағып,адамзатты тәрбиелейтін киелі мекен — мектеп.Мектеп — тек білім ордасы ғана емес, ұлттың болашағын қалыптастыратын алтын бесік.Бүгін біз осындай ұлы миссияны арқалап,ұлт тәрбиесінде орасан зор еңбек сіңірген — Ақтасты мектебінің ғасырлық тойын атап өтудеміз. Бұл — тарихтың тереңінен сыр шертетін, ұрпақьар сабақтастығын жалғайтын, жүректерге нұр құятын, маңызы зор мерейлі сәт.
“Білімдінің сөзі — бал, білімсіздің сөзі — шаң”,- дейді дана халқымыз.Мектеп — осы білім мен тәрбиенің алғашқы сатысы. Ал Ақтасты мектебі — бір ғасыр бойы ұрпақ санасына білім мен адамгершілік нұрын дарытып келе жатқан киелі қара шаңырақ. Бұл мекен — сан қыранды самғатқан алтын ұя. 100 жылдық тарихы бар мектептің әр кезеңі — ел тарихының, ауылдың тағдырымен сабақтас шежірелі жылнама.
Мектептің алғашқы іргетасы 1924 жылы қаланды. Бұл — “сауатсыздықты жою” қоғамы құрылған кезең. Алғашқы ұстаз Әбдісүлеймен Хасенұлы Қурайлы елді мекенінен сауат ашу пунктін ашып, нағыз ағартушылық күрестің негізін қалады. Ол кеңестік кеңестік кезеңнің қиыншылықтарын еңсеріп, шәкірт тәрбиелеуге бар өмірін арнаған ұлағатты жан еді. Оның еңбегі ескеріліп, КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақ ССР — інің еңбек сіңірген мұғалімі атақтарымен марапатталды.
Уақыт өте келе білім шаңырағы 1953 жылы 3 жылдық бастауыш мпектепке айналды. Алғашқы ұстаздардың бірі — Шортанов Тақабай. Кейін мектеп төрт жылдыққа айналып, оның ұстаздар құрамына Әлімқожа Хасенов, Манабаев Тәжібай, Байбатшаев Нұрбай, Сағынышев Мырқасымбай секілді білім майталмандары қосылды. Олар өз заманында тек сабақ қана беріп қоймай, ауылдың руханы көшбасшыларына айналды.
“Шәкірттің жақсы болашағы — ұстазынан” демекші, осы ұстаздардың тәлімі мен тәрбиесінің нәтижесінде мектеп түлектері елдің түрлі салаларында еңбек етіп, зор жетістіктерге жетті. Олардың арасында ауыл шаруащылығы ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Қойшыбаев, Райымбек ауданының Құрметті азаматы — Нұрғожаев Амалбай, еңбек ардагері Тілеубаев Өмірзақ сынды тұлғалар бар.
1970-1988 жылдары мектеп сегізжылдық болып, атауы Ақтасты сегіз жылдық мектебі деп өзгертілді. Бұл кезеңде Мұстафаев Төленбай, Жансеркеев Әбдісейіт, Әбдіғұлов Исаділ, Тұңқаева Әуезхан, Әділбекова Секер сынды білікті мамандар ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосты.
1991 жылдан бастап Ақтасты орта мектеп мәртебесіне ие болып, бүгінгі күнге дейін өз қызметін жалғастырып келеді. Осы аралықта мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан талай жас өз елінің дамуына өз үлесін қосып, туған жеріне қолдау білдіруде.
Мектеп қазіргі таңда “Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекесі болып тіркелген. Директор Қамбарбекова Қымбат Тоғызбайқызы, оқу ісінің меңгерушісі Керімқұлова Айша, тәрбие ісінің меңгерушісі Калимова Советхан, әлеуметтік педагог, психолог, әскери жетекшілер — бәрі де ынытымақпен еңбек етуде.
“Жақсы ұстаз — мектептің жүрегі”,- дейді ұлы педагог Ы.Алтынсарин. Бұл мектептің жүрегі соғып тұр. Соңғы жылдары оқушыдар республикалық, облыстық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалы, Есқалиқызы Інжу — химия, қазақ тілі пәндерінен аудандық, облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болған оқушы. Кеңесжан Аңсар — “Тілім менің — тірлігімнің айғағы” олимпиадасынан облыс, республика көлемінде жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жеңістер — Гүлзия Маратқызы, Қымбат Тоғызбайқызы, Сәуле Кенбаева секілді мұғалімдердің тынымсыз еңбегінің жемісі.
Менің апам да осы мектепте еңбек еткен ардақты ұстаздардың бірі еді.Байсемизова Алдихан апай — осы білім ордасында 43 жыл бойы Ақтасты мектебінің соғып тұрған шынайы тынысы болды. Осы мектепте 43 жыл бойы математика пәнінен дәріс берген, білікті де талапшыл ұстаз болатын.
Ұстаздық жолын өмірлік мұрат еткен апайымыз талай ұрпаққа білімнің шамын жағып, адами қасиеттерді ұғындырды.
Ол кісінің сабағына кірген оқушы тек формула жаттап қоймай, өмірге деген көзқарасын, тәртіп пен жауапкершілікті, табандалықты да үйренетін. “Ұстаз — мектептің жүрегі” десек апайымыздың жүрегі 43 жыл бойы Ақтасты мектебі деп соғып тұрды.
“Еліңді танығың келсе, мектебіне қара”,- дейді дана халық. Ақтасты мектебінің 100 жылдық тарихында білім алған түлектер бүгінде елдің әр саласында абыроймен еңбек етіп жүр. Мәселен,әскери қызметте — Абдрахманов Ердос, Мұқанов Марат, ішкі істерде — Сарталов Ерболат, Малбеков Ұлан, кәсіпкерлік жолында — Әліпұлы Қожан, Қиясов Болат, мұғалімдік, медицина, мемлекеттік қызмет салаларында жүрген шәкірттер — мектептің мақтаныштары.
Мектеп тек білім беріа қана қоймай, шәкіртттеріне туған жерге деген сүйіспеншілікті де бойына сіңіре білді. Бүгінде түлектердің бірқатары туған мектебіне демеушілік көрсетіп, қолдау білдіруде. Бұл — ұрпақтың тәрбиелілігі мен адалдығының айғағы.
Ақтасты мектебінің ғасырлық тарихы — бідім мен парасаттылықтың, шыдам мен төзімнің, ұлтқа деген адалдық пен еңбекқорлықтың айнасы. Бұл мектеп тек шәкірт тәрбиелеген жоқ, бұл мектеп — ұлтқа қызмет еткен, елге үлгі болған саналы азаматтар мен қайраткерлердің қарашаңырағына айналды. Әрбір буынның өзіндік орны, өзіндік жетістігі бар. Мектеп — өткен мен болшақты жалғаған алтын көпір. Ақтасты мектебі — ауылдың ғана емес, күллі қазақ елінің рухани тірегі, тұғыры биік білім ордасы екенін мақтанышпен айтуға болады.
Ғасырлық тарихы бар Ақтасты мектебі — ел тарихының бір бөлшегі, ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы. Бұл мектеп — талай арманның қанат қаққан, мыңдаған шәкірттің өмірге жолдама алған қасиетті қара шаңырағы. Қанша уақыт өтсе де, ұлтына адал, халқына пайдалы азаматтарды тәрбиелеп щығарудан танған емес. Осы алтын ұядан түлеп ұтқан шәкірттер туған жерін, мектебін ұмытпай, әрдайым қолдау білдіріп келеді.
Ұлт болашағы — білімді ұрпақтың қолында десек, сол ұрпақты тәрбиелейтін ең қасиетті орын — мектеп. Ал Ақтасты мектебі — сондай қасиетті мекеннің үлгісі. Мектебіміздің әрбір кірпіші, әрбір партасы, әрбір қабырғасы — терең тарихта куәсі. Осынау қарашаңырақ мәңгі жасасын, рух берер қасиетін берсін қасиетін жоғалтпасын. Ұстаздарымыздың еңбегі жана берсін, шәкірттерінің жеңісі еселене берсін!
Мектеп — бір ұрпаққа емес, бүкіл ұлтқа қызмет ететін киелі орын. Ақтасты мектебі — ғасырлық тарихы бар, талай ұлт қайраткерлерін тәрбиелеген, алтын діңгекте қара шаңырақ. Осындай мектептен білім алған әр бала өз елінің патриоты.
“Мектеп — кеме, білім — теңіз”, дейтін халық даналығында үлкен мән жатыр. Бұл кеме ғасыр бойы дауыл мен толқынға қарсы жүзіп келді. Әлі де жүзе береді. Тек рухы асқақ, мақсаты биік, жүрегі білімге, елге деген махаббатқа толы жандар болса — бұл мектеп мәңгілік жасай бермек!
Ақтасты мектебі — жай білім ордасы емес, өмір мектебі. Бір ғасырлық тарихында бұл қара шаңырақ мыңдаған шәкіртке жол көрсетіп, оларға арман мен мақсатқа апарар бағыт — бағдар сыйлайды. Әр кірпіші — терең тарих, әр бұрышы — естелікке толы. Осындай мектепте білім алған әр адам, меніңше, бақытты. Себебі, бұл мектеп тек кітаптағыны үйретіп қоймайды, адамдық париотизм мен параматтыңны үйретіп қоймайды, адамдықтың, еңбектің, париотизм мен парасаттың не екенін санамызға сіңіреді.
Менің туыстарым,ұстаздарым, апам Байсемизова Алдихан сынды асыл жандар өмірлерін осы ордаға арнады. Демек, мен де өзімнің жаныммен, жүрегіммен осы мектеппен байланыстымын.
Мен — осы мектептің шәкіртімін.Мен үшін Ақтасты мектебі — жай ғана білім ордасы емес, ол екінші үйім, тұлға болып қалыптасуыма негіз болғае киелі орда. Мектебімнің 100 жылдық мерейтойы — менің жүрегімде мәңші мақтаныш болып қала береді. Бұл тек тарих емес,мес, бұл — өмір. Бұл — маған және менің замандастарыма сенім ұялатқан, үміт сыйлаған алтын ұя. Сол үшін мектеп бұл — өмір. Бұл — маған және менің замандастарыма сенім ұялатқан, үміт сыйлаған алтын ұя. Сол үшін мектебіме мәңгілік алғысым шексіз.
“Мектеп — білім кілті ғана емес, өмірге жолдама беретін алтын қақпа ”десек, Ақтасты мектебі — сол қақпаның кең ашылған, кемелденген нұсқасы. Оның келешегі бұдан да жарқын боларына сенемін!
Серікбай Каусар
Ақтасты орта мектебінің
9 сынып оқушысы