
Мектебімізге 100 жыл! (Эссе)
Мектеп — таудай болып кіріп, таудай болып өсіп, жетілетін, балалық шағыңның уайымсыз кездері өтетін, әр адам үшін ыстық мекен. Мектепте оқыған әрбір жанның өзіндік тарихы, естеліктері бар. Барлық сәттік куәгер, айнасы киелі — мектеп. Мектеп — жай ғана ғимарат болуы мүмкін. Алайда, мен үшін жаңа мүмкіндіктер мен естеліктер силаған ғажайыпқа толы орта. Кез-келген мектептің өзіндік ерекшеклігі, мідениеті, тарихы бар. Бірі біріне ұқсамайтын сан түрлі оқиғалар, алуан түрлі оқушылар мен мұғалімдер. Тек өзіне тән оқу бағдарламалары, жаңашыл ойлар. Мен көрген, білген мектептердің өзіндік сыр-сипаты бар.Бірақ, менің мектебім тек өзіне тән тарихпен биыл 1 ғасырлық мектепке айналды. Осы жылы тарихпен, шынайы оқиғалар қиыншылығы да қатар келген сәттер аз болмады.Осы уақыт аралығында біздің мектеп өзіне ғана тән сипатқа ие болды. Өзгелер тамсана қарайтын дәрежеге жетті.
1924 жылы осыдан 100 жыл бұрын біздің мектебіміз “Қурайлы елді мекенінен Әбдісүлейман Хасенұлы алғашқы “сауат ашу” пунктін” ашты. Дәл осы кезден бастап жаңа тарих басталды. Кейінірек 1953 жылдың күз айынан бастап 3 жылдық бастауыш мектеп ретінде ашылған. Осы уақыттағы алғашқы ұстаз Шортанов Танабай өз қызметін атқарды. Бірнеше жылдан кейін 1956 жылы Қурайлы 4 жылдық бастауыш мектеп болып ауысқан. Мектеп қабырғасында Әлімқожа Хасенов, Манабаев Тәжібай, Тұяқбаева Сәлихан, Байбатшаев Нұрбай секілді ұстаздар қызмет етсе, мектеп директоры Сағынышев Мырқасымбай болған. 1958-1966 жылдар аралығында “Қызылту бастауыш мектебі”,1966-1970 жылдары “Қызылту сегіз жылдық мектебі”,1970-1988 жылдары “Ақтасты сегіз жылдық мектебі” ретінде жұмыс істеді. Ал бүгінгі күні “Ақтасты орта мектебі” деген атаумен жұмыс жасауда. Мектебіміз шағын орта мектеп болса да Қазақстан мойындайтын алып тұлғаларды тәрбиелеп шығарды. Мұрат Қойшыбаев — ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Каримбекова Айсара — самбо спортының әлемдік деңгейдегі шебері, Есей Жеңіс — “Ақжелкен” журналының бас редакторы, спорт камендатор, Нұрғожаев Аманбай Біләлұлы — Алматы обылысының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері, т.б ауыз толтырып айтарлықтай биік щыңдарға жеткен алып тұлғаларымыз жетерлік. Бүгінгі күні осындай үлкен тарихқа ие мектепте менде білім алудамын. Елімізді немесе өзге мемлекеттерді мойындатпасамда өзіме тән жетістіктерге жете алдым. Қандай жетістікке жетсем де, қандай шыңды бағындарсам да мектебіме білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма шын жүрекпен разылығымды айтамын. 1 ғасырлық сипатқа ие мектепте менің әкем де, бауырларым да білім алған. Қазіргі уақытта анам ұстаз болып жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Керімқұлоатқан ұстаздарыма шын жүрекпен разылығымды айтамын. 1 ғасырлық сипатқа ие мектепте менің әкем де, бауырларым да Керімқұлова Айша, Калимова Советхан, Ақышбай Гүлім, Байбекова Қарғаш, Бекмұратовна Дина, Маратқызы Гүлзия, Нақысбеков Бекмұрат, Мұстафаева Индира, Мақанбай Айгүл секілді өз істерінің үздіктері шәкірт тәрбиелеп, мектеп қабырғасында жұміс істеуде. Ал мектеп директоры Қамбарбекова Қымбат Тоңызбайқызы. Мектепте небәрі 10 жыл білім алсамда бұл өте үлкен уақыт. Жаңа мақсаттар мен армандарым тоғысқан, көзімді ашып, жетілдірген уақыт болды.
Мектебіміз 100 жыл ішінде әртүрлі тарихи сәттердің куәгері, әрі себепші болды. Барлығы мойындайтын жетістіктерге жеткен шәкірттердің қанаттарын дайындап, буындарын қатайтып, тәрбиелеп шығарды. Қаншама түлектердің жетістіктері мен ерекшеліктеріне куә болды. “- Бұл біздің мектеп қой!” , — деп айта алатын қаншама жас буынды қатайтып шығарды.
Алтын ұя мектебім — туған күнің құтты болсын! Әрбір кірпішімнің еңбекке, қабырғаларыңның, бұрыштарыңның естеліктерге, әрбір күнің жылулыққа толы болсын! Мерекең құтты болсын!
Есқалиқызы Інжу
Ақтасты орта мектебінің
10 сынып оқушысы