
Мектебіме – 100 жыл (ЭССЕ)
Биыл менің алтын ұям – мектебіме 100 жыл толып отыр. Бір ғасыр – бұл тек сан емес, бұл – талай ұрпақтың тағдырына, арманына арнаған қасиетті орын. Осы жылдар ішінде мектебіміз мыңдаған шәкіртке білім мен тәрбие беріп, өмірге қанат қақтырды.
Мектеп – әр адамның ең алғашқы білім баспалдағы. Осы жерде біз әріп танып, жазу жазуды үйренеміз, достар табамыз, өмірлік құндылықтарды бойымызға сіңіреміз. Ұстаздарымыз бізге тек білім беріп қоймай, адам болуды, жақсылықты, әділдікті, адамгершілікті, әділдікті үйретеді. Бір ғасыр бойы осы киелі орда мыңдаған шәкірттің жүрегіне үміт отын жағып, үлкен өмірге жолдама беріп келді.
Мектептің 100 жылдық мерейтойы – барша ұстаздар мен түлектер үшін үлкен қуаныш. Бұл – өткенге еске алып, болашаққа бағдар жасайтын жасайтын маңызды белес. Әр түлек өз мектебін мақтанышпен еске алып, осындай білім ордасында оқығанын мақтаныш етеді.
Мен өз мектебімді шексіз жақсы көремін. Ол менің екінші үйім, жан жылуым, болашаққа ашылған үлкен қақпам. Мектеп қабырғасында өткен әрбір күн жүректе мәңгі сақталатын естелік. Сыныптастарымен өткізген қызықты сәттер, мұғалім дердің жылы сөзі мен ұлағаты, түрлі шаралар мен мерекелік кештер, бәрі де ерекше орын алады.
Мектеп – бір ұрпаққа емес, бүкіл ұлтқа қызмет ететін киелі орын. Ақтасты мектебі – өз ғасырлық тарихы бар, талай ұлтқайраткерлерін тәрбиелеген, алтын діңгекті қара шаңырақ. Осындай мектепте білім алып отырған әр бала өз елінің патриоты.
Ақтасты орта мектебінің 100 жылдық тарихы – бір ауылдың ғана емес, тұтас бір ұлттың өсу, өркендеу жолының айғағы.
100 жыл бұл тарих. Ал мен сол тарихтың бір бөлігі болғаныма шексіз қуаныштымын.
Марат Аруназ
Ақтасты орта мектебінің
7 сынып оқушысы