Көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақының тоқтауына не себеп болуы мүмкін?

Қазақстан Республикасында көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу тәртібі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (әрі қарай-Кодекс) нормаларымен реттеледі.

Кодекстің 92-бабы 3 тармағына сәйкес көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:

1) баланың қайтыс болуы;

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланы ол он сегіз жасқа толғаннан кейін оқудан шығару;

3) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;

4) өтініш берушінің көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;

5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;

6) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы негіз болып табылады.

Кодекстің 92-бабының 4 тармағы негізінде сәйкес осы баптың                       3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер сақталған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.

Кодекстің 92-бабының 5 тармағына сәйкес бала (балалар) қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.

 

 

А.Альмуханова, 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласындағы реттеу және бақылау

комитетінің Алматы облысы

бойынша департаментінің №3 зейнетақы

және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің

бас маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Мал дәрігерлері марапатталды
Следующая запись Салт-дәстүрді ұлықтаған аналар