Кеген ауданы әкімі Н. М. Теңізбаевтың Жеңістің 80 жылдығымен құтықтауы

Read Time:1 Minute, 50 Second
  • Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі тыл ардагерлері!

Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысы халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың еліне, жеріне, Отанына деген Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Осынау сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам адам қатысты. Соның ішінде алты жүз мыңға жуық жауынгер туған жеріне қайтып оралмады. Біреу баласынан, біреу жарынан, енді біреулер әкесінен, бауырынан айырылды. Бұл соғыстың жанымызға түсірген жарасы аз болған жоқ. Бүгінде адамзат тарихына өшпес із қалдырған екінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 80 жыл толып отыр. «Тау алыстаған сайын биіктейді» демекші бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері жадымыздан өшкен жоқ, қайта жыл өткен сайын ұрпақтан-ұрпаққа, жүректен-жүрекке жетіп, жаңғыра түсуде.

Отан соғысының оқ бораған даласында ерлігі мен батырлығын көрсеткен Кереге таулы Кеген өңірінің 7 мыңға жуық азаматы Отанын қорғауға майданға аттанды. Сол бір ел басына күн туған жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін оққа тосқан жерлестеріміздің есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Біз оларды әрдайым ардақтап, мақтан тұтамыз. Әрдайым еске алып отырамыз.

Жыл сайын майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерді еске алу бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Біз аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығын, қажыр-күшін, биік рухын бағалай отырып, бізге ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған ерліктерін есте сақтаймыз. Олардың рухына мәңгі тағзым етеміз.

Құрметті ардагерлер!

Осы мерейлі мерекеде барлық ізгі тілектер өздеріңізге арналады. Сіздердің арқаларыңызда қол жеткізген «Жеңіс» кешегі күннің ғана емес, болашақтың да жеңісі. Ол соғыстан кейінгі жылдардың қиындығын еңсеруге мүмкіндік беріп, бүгінгі күні де қоғам өміріне белсене араласуға, жастарды Жеңіс рухында тәрбиелеуге рух беріп келеді.

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол зұлмат жылдардың ауыртпалығын көтерген барша жандарға құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың басты парызы.

Бейбіт өміріміз үшін, бұлтсыз аспанымыз үшін Сіздердің алдарыңызда тағзым етіп, басымызды иеміз!

Қадірлі ағайын!

Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ерен үлгісі болған Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін! Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін! Мәңгілік Еліміздің болашағы жарқын, Егемендігіміз мәңгілік болсын!

Мереке құтты болсын!

 

 

 

 

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Еңбек бағдарламасы аясындағы субсидияланған жұмыс орындары
Следующая запись Көне өркениеттің ордасына сапар