Орман пайдаланушылар назарына !!!

Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы №35-189шешіміне сәйкес, орман қоры аумағын пайдалануға байланысты төлеммөлшерлемелері бекітіліп, заңды күшіне енді. Аталған шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, орман пайдалану төлемдері 1 айлық есептік көрсеткіш(АЕК) – 4325 теңге мөлшеріне негізделіп есептеледі. Бұл өз кезегінде табиғиресурстарды тиімді басқару мен орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасызетуге бағытталған маңызды құқықтық құжат болып табылады.

         Орман қоры – мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, биоалуантүрлілікті сақтайтын, сондай-ақ климаттық тепе-теңдікті реттейтін аса маңызды табиғи ресурс. Сондықтан орман алқаптарын пайдалану заңнамалық негізде реттеліп, әрбір орман пайдаланушыға нақты талаптар мен міндеттер жүктеледі. Орманды қорғау, сақтау және көбейту – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар оны пайдаланушы әрбір азаматтың және шаруашылық субъектілерінің ортақ жауапкершілігі.

         «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қорының пайдаланудың негізгі түрлері ретінде жайылым және шабындық жерлерді пайдалану белгіленген. Бұл бағыттар ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты болғандықтан, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде маңызды орын алады. Алайда табиғи ресурстарды пайдалану барысында олардың қалпына келу мүмкіндігін ескеру, шамадан тыс жүктеме түсірмеу және экологиялық талаптарды сақтау – басты міндеттердің бірі болып қала береді.

         Жайылым жерлерді пайдалану бойынша төлем мөлшерлемелері әрбір мал басына есептеледі. Атап айтқанда, ірі қара мал мен жылқы үшін – 1081 теңге, ал қой малы үшін – 260 теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл төлемдер орман қоры аумағын пайдаланғаны үшін алынады және оларды уақытылы төлеу – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті болып табылады. Жайылымдарды ретсіз пайдалану топырақтың тозуына, өсімдік жамылғысының бұзылуына және экожүйенің әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан жайылымдарды ғылыми негізде, белгіленген нормаларға сай пайдалану қажеттілігі туындайды.

         Сонымен қатар, шабындық жерлерді пайдалану барысында олардың сапалық жағдайына қарай төлем мөлшерлері сараланған түрде белгіленген. Жағдайы жақсы шабындық жердің 1 гектарына – 2357 теңге, қанағаттанарлық деңгейдегі жерге – 1765 теңге, ал қанағаттанарлықсыз жерге – 1375 теңге төлем қарастырылған. Бұл жіктеу шабындық жерлердің өнімділігін арттыруға, оларды күтіп-баптауға және тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында енгізілген.

         Орман қорын пайдалану кезінде бірқатар талаптарды сақтау қажет. Атап айтқанда, орман алқаптарында заңсыз ағаш кесуге, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға, қоқыс тастауға және табиғи ортаға зиян келтіруге қатаң тыйым салынады. Әсіресе, өрт қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аудару қажет, себебі орман өрттері экожүйеге орасан зор зиян келтіріп қана қоймай, адам өмірі мен мүлкіне де қауіп төндіреді. Осыған байланысты, орман пайдаланушылар өрттің алдын алу шараларын сақтап, жауапкершілікті арттыруы тиіс.

         Орман ресурстарын тиімді пайдалану – экономикалық тұрғыдан ғана емес, экологиялық тұрғыдан да аса маңызды. Орман алқаптары ауаның тазалығын қамтамасыз етіп, су ресурстарын қорғауға ықпал етеді, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Сондықтан орманды ұқыпты пайдалану арқылы біз табиғи тепе-теңдікті сақтап, болашақ ұрпаққа таза әрі бай табиғи мұра қалдыра аламыз.

         Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес, орман қорын пайдаланғаны үшін төлемдерді уақытылы төлемеген тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылып, заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтіледі. Сондықтан орман пайдаланушыларға белгіленген төлемдерді уақытылы әрі толық көлемде төлеу қажеттілігі қатаң ескертіледі.

         Қорытындылай келе, орман қоры – ел байлығы, ұлттық игілік. Оны сақтау мен қорғау – әрбір азаматтың борышы. Табиғатты ұқыпты пайдалану, заң талаптарын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы ғана біз қоршаған ортаны сақтап, тұрақты дамуға қол жеткізе аламыз.

Орманды бірге қорғайық – табиғатты бірге сақтайық !!!

  

«Кеген орман шаруашылығы» КММ-нің

Орман пайдалану инженері СағатбеrДуман Жанботаұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Алматы облысының барлық аудандарында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен «ашық диалог» форматындағы кездесулер басталады
Следующая запись Хабарлама