
Қарағайға сүйеніп тал өсер
Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек.
Біз Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек-бұл өмір салтына айналуы тиіс. Бүкіл Қазақстан таза болуы керек, бұл бізге және жастарға байланысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейді дана халқымыз. Бірнеше ондаған жыл елімізде ағаш кесу көбейіп, экологиялық флораның бұзып алғанымыз да өтірік емес. Сол уақыттың қат кезеңінде кеткен қателіктің орнынын толтыру кезеңі Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы негізде іске асырылуда. Кеген ауданы бойынша осы игілікті іске ат салып жүрген мекемелер арасындағы үздігі – Кеген орман шаруашылығы. Мекеме мектеп оқушыларымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша С.Бейсембетұлы мектеп оқушыларымен біріге отырып Көгалдандыру плантациясына 10000 Шренк шыршасының көшеті , 1000 қарағай (Сосна) 200 туя отырғызылды.Акцияға жастармен бірге Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Нусипбаев Қанат Ақылұлы, Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, «Кеген орман шаруашылығы» мекемесінің басшысы Солтанғазиев Айболат Әскербекұлы, танымал журналист, медиа менеджер Ербол Азанбек, Кеген ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы Досымбеков Сабыр ақсақал қатысып, акцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, батасын берді. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Нусипбаев Қанат Ақылұлы тәжібиесі мол маман ретінде көшетті қалай дұрыс отырғызу керек екенінін жастарға көрсетіп мастер класс негізінде акцияны шымылдығын ашып, жауапкершілігі мен қызығушылығы мол жұмысты бастады.
Акция барысында отырғызылған Шренк шыршасының көшеті тек Кеген ауданының орман шаруашылығында өсірілетінін біле жүріңіздер:
«Шренк шыршасы (лат. Picea schrenkiana) — қылқан жапырақты мәңгі жасыл ағаш, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы тауларында өсетін ерекше және сирек кездесетін түрі.
Тауларда топырақ эрозиясын болдырмайды.
Ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні көп бөліп шығарады.
Шренк шыршасы Қазақстанда қорғалатын өсімдіктер қатарына жатады.»
Акция барысында Кеген орман шаруалығының қызметкерлері оқушыларға отырғызған көшеттерді қалай күтіп-баптау керектігін айтып, әр көшетті өсіру ұзақ мерзімді және мұқият күтімді талап ететін процесс, сондықтан оның көшетін өсіру белгілі бір жауапкершілікті жүктейтінін түсіндірді.
«Жердің көркі – тал, артыңда мал қалғанша тал қалсын» деген нақыл сөз бар. Сол талдың, жасыл-желектің мәнін түсіндіріп жату да артық шығар. Ел сол ағаштың, орманның саясынан пана тауып жатса, «жері жерұйық екен» дейміз. Әрине, ол жақсылық қоғамға байланысты. Табиғатын күтпесе, ел байлығынан айырылады. Ал халқы сол жасыл-желегіне, орман-тоғайына қамқор болса, ондай елдің көк көрпесі кеңейе түседі.
Average Rating