Көлсай мен Қауіпсіздік…..

Read Time:1 Minute, 49 Second

Кеген ауданының әкімінің өкімімен аудан аумағындағы экологиялық және танымдық туризмды дамыту мақсатында ұлттық парк аумағында туристтер мен демалушыларға арналған туристтік маршрут бағытындағы Саты ауылының аймағындағы қонақ үйлерді, хостел мен қазақ үйлерді, глэмпингтерді заманауи сәулеттік қасбеттерді заман талабына сәйкестендіру, архитектуралық талаптарға сай болуын, санитарлық тазарту, аббаттандыру жағдайын анықтау мақсатында жұмысшы тобының тексеру және түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін араға уақыт салып жұмысшы тобы «Көлсай көлдері» МҰТП аумағы мен туристтік аймақтағы ескертулер түзетілді ме, кемшіліктер жойылды ма деген сауалға жауап тағы да барған. Баруын барғанмен, бәрін налып қайтты….

Алдыңғы сапарда айтылған кемшіліктер ескерілмеген, сол баяғы қаз-қалпында. Ескерту беріліп, айыппұл салынған кәсіпкерлердің тек біреуі ғана айтылған барлық кемшіліктерін жойып, бәрін реттепті. Ал қалғандары ше?! Бәрі сол «Баяғы жартас» қалпында… жұмысшы тобы келе жатыр дегенді естіген болу керек шашылған қоқыстың үстін целофанмен жауып қойыпты. «Кімді алдамақ болды?» деп таңданғанымыз да бар. Бар қызық алдыңғы мақалада жазылған электр тоғының желісінің мәселесінде басталды. Қалай, кімнің арқасында екені белгісіз, жұмысшы тобы қауіпсіздік шарасының сақталмауына байланысты ажыратылсын деп шешім шығарылып, ажыратылған желілер қайта жалғанған. «Біздің жұмыс істеуімізге кедергі болып жатырсыңдар» дегінімен, заң мен тәртіпті ешкім жоққа шығармаған еді ғой.

«ҚазСелденҚорғау» ММ қарасты тікұшақ қону алаңындағы дүңгіршектердің мәселесі де көтерілді. Айтып келмейтін апаттың кезінде тікұшақ қалай қонады егер алаң базарға айнылып кетсе. Қызық…

Жұмысшы тобының «ең» деген таңданысы мен талқылауы Көлсайдың жағасындағы трубаларды көргенде болды. Елімізге белгілі дәмхана өздеріне қажет суды Көлсайдан алып отыр екен. Ала берсін, нелерің бар деуі мүмкін кейбірінің. Алайда суды сорып алатын құбырдың жанында  қосымша электр кабелі жатыр. Сорғы немесе сүзгі жалғанған болу керек. Алайда электр кабелі судың ішінде үзілсе салдары қалай болмақ?! Оны кім бақылауда?! Онымен бірге дәл сол дәмхананың қоршауында да электр тоғының кабелі орнатылған. Кім, не үшін орнатты?! Тағы да үнсіздік….

Көлге ең жақын орналасқан дәретхананың кәріз құдығының бетін «пенаплекс» материалымен жауып қойған. Ең құрығында бетон немесе ауыр зат емес…

Енді көлдің аймағынан төменірек түссек: ауыл шариашылығы мақсатында берілген жерлер Б.Т. деген азаматқа берілген. «Көлсай маңы туристтік аймақ ретінде дами бастағанда ауыл шаруашылығының жерлерінің мақсаты өзгертіліп, сатыла бастаған дейді» білетіндер. Бірақ сол жерлердің барлығында сол проблема: тазалық пен қауіпсіздік жоқ. Әсіресе электр желісінде…

 «Көлсай» туризмның жауһары дейміз, алайда… «Көлсай көлі» туристтік аймағына екінші сапарымызда көз жеткізгеніміз: Қауіпсіздік деген мәселе Көлсай аймағымен араздасып қалған секілді.

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
100 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Қоғамның негізі – ұрпақтар арасындағы байланыс
Следующая запись Қарағайға сүйеніп тал өсер