
Туристтік маусымның ашылуына дайындық қалай?!
Көлсай көлдері еліміздегі туристтік әлеуеті қарыштап дамып келе жатқан аумақ. 2024 жылы «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 395 мыңнан астам турист келді дейді статистика. Алайда әлеуметтік желіде ұлттық парк пен Саты ауылының аумағындағы тазалық мәселесі жиі көтеріледі. Туристтік маусымның аш ылуына орай Кеген ауданының әкімінің өкімімен аудан аумағындағы экологиялық және танымдық туризмды дамыту мақсатында ұлттық парк аумағындатуристтер мен демалушыларға арналған туристтік маршрут бағытындағы Саты ауылының аймағындағы қонақ үйлерді, хостел мен қазақ үйлерді, глэмпингтерді заманауи сәулеттік қасбеттерді заман талабына сәйкестендіру, архитектуралық талаптарға сай болуын, санитарлық тазарту, аббаттандыру жағдайын анықтау мақсатында жұмысшы тобы құрылды. Топ құрамында: Кеген ауданның әкімінің орынбасары Исаев Медет Шайытқанұлының төрағалығымен тиісті мемлекеттік мекеме басшылары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры, «Көлсай көлдері» МҰТП РММ директоры, құқық қорғау органыны қызметкерлері, БАҚ өкілдері, аудандық электр тарату мекемесінің мамандары бар.
Жұмысшы тобының негізгі мақсаты: жыл санап «Көлсай көлдері» туристтік аймағына келетін туристтердің саны артып келеді. Сол туристтік аймақтың имиджіне нұқсан келтіретін және заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтау және шешу. Жұмысшы тобының бірінші тексерісінен кейін біршама мәселелер анықталып, ескерту жасалды.
Жалғасы бар…
Мақпал Шадан