Тәртіпке бағынған құл болмас…

Read Time:4 Minute, 29 Second


Алдыңғы мақалада еліміздегі туризмның жауһарларының бірі «Көлсай көлдері» ұлттық парк аумағына Кеген ауданының әкімінің өкімімен аудан аумағындағы экологиялық және танымдық туризмды дамыту мақсатында ұлттық парк аумағында туристтер мен демалушыларға арналған туристтік маршрут бағытындағы Саты ауылының аймағындағы қонақ үйлерді, хостел мен қазақ үйлерді, глэмпингтерді заманауи сәулеттік қасбеттерді заман талабына сәйкестендіру, архитектуралық талаптарға сай болуын, санитарлық тазарту, аббаттандыру жағдайын анықтау мақсатында жұмысшы тобының тексеру және түсіндірме жұмыстарын жүргізілгенін жазған едік, енді сол жұмысшы тобының жұмысы қалай өткенін айтайық.
Тексеруді «Көлсай көлдері» МҰТП аумағында орналасқан автотұрақтан бастады. Автотұрақ аумағында кішігірім сауда жасайтын дүңгіршектер мен жылдам тамақтану орындары орналасқан. Туристтік маусымның жаңа ашылғандығынан болар, жеке кісіпкерлер жұмысын толық бастамапты, алайда… Дүңгіршектердің іші емес артқы ауласы болып саналатын аумақта шашылған қоқыс пен қолқаны қабатын иіс бірден назарды аудартты. «Еврокуб» деп аталып кеткен бөшкені қолдан жуынды құятын ыдыс жасап алған. Сол еврокубтың тең жартысына дейін толған жуындыдан басқа иіс күтуде мүмкін емес. «Ассенизатор жақында келеді»-дейді кәсіпкерлер, бірақ «тар аулаға цестернасы бар жүк көлігі қалай сияды?» деген көкейіміздегі сауалдың жауабын уақыт еншісіне қалдырдық (топтың жұмысы бір тексерумен тоқтай қоймас). Бір жылда 338 мыңнан астам турист келген аумақтың визиттік орыны болып саналатын автотұрақтың аумағындағы кәсіпкерлер туристтік маусым аясында аз қаржы таба қоймас, сонда да қоқыс салатын темір контейнер алу ешкімнің ойына да кіріп шықпағанына «қап, әттеген-ай» дестік.


«Қап, әттеген-айымыз»-ды Кеген аудандық полиция бөлім қызметкерлері айыппұл есебін толықтырды, егер кәсіпкерлер содан сабақ алса. Автотұрақтың бас жағында орналасқан «Baursak» дәмханасында да сол жағдай. Онымен қоймай өрт қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Тез тұтанатын материалдың үстіне темір емес, тұтану мүмкіндігі жоғары материал қойып оның үстіне самаурынға су қайнатуда. Өзі мен бірге өзгенің де өмірін қауіп төндіргеніне іштей налыдық, ТЖМ басшысы ескерту берді.


Жол бойындағы демалыс орындарының бәрінде бір жағдай шашылып жатқан күл-қоқыс. Бірақ сол қалпымен қонақ қабылдайды. Парадокс…
Жұмысшы тобы ерекше назар аударған жағдай электр тоғының сымына деген немқұрайлылық.? Жердің астымен жіберген электр сымдары (олар жер бетіне шығып кеткен), темір және ағаш қоршауға ілінген электр тоғының сымдары, электр тоғының бағанасының орнына қойылған шанжа, бағана болса да оған ілінген ондаған электр желісінің сымы (қысқа бойлы менің қолым жететіндей). Шиеленіскен электр желісінің сымдарын көргенде кей фильмдерден көретін лашықтар елестейді. Алайда бұл қаржы айналымы жақсы еліміздегі туристтік аймақтың жауһарларының бірі.





Кеген ауданының өкімімен құрылған жұмысшы тобының алғашқы тексерісінің нәтижесі төмендегідей:
• Ортақ пайдаланатын орындарды ластағандарға толтырылған әкімшілік хаттамалар саны 7 салынған айыппұл 137 620 теңге.
• «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің филиалы «Кеген ауданының мансап орталығы Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және әлеуметтік кодексті басшылыққа ала отырып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
• Кірістер басқармасы маусымның ашылуына дайындық жасап жатқан 7 дүгіршек иелеріне, 5 қонақ үй иелеріне және жолаушы тасымалдаушы 4 көлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
• Республикалық жолда және ауыл ішінде орналастырған Жарнама бойынша суреттері түсірлді. Түсірілген Жарнамалар суреттерін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.
• Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аталған аумақтағы 8 сауда-саттық және туризм нысандарына қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, инертті материалдар мен құрылыс қоқыстарының жинақталуы тіркелді. Осыған байланысты, жауапты тұлғаларға ескерту жасалып, заңбұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Нысандарды инертті материалдар мен құрылыс қалдықтарынан тазарту бойынша міндеттер жүктелді.
• Кеген ЭТА мекемесі қызметкерлері тарапынан жеке меншік Тп.681к — дан, қазақ үйлерге техникалық талаптарға сәйкес тартылмағандақтан электор тоғынан ажыратылды
• «Baursak» кафесінде Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығының кемшіліктері анықталды: от жұмыстары жүргiзілетін орындар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiлмеген; кәуап жасалатын арнайы орын анықталмаған, ағаш жабындыға қойылып дайындалған; ғимарат ішінде стандартты емес электр қыздыру аспаптарын, аппараттарды пайдалануға жол берілген. Сонымен қатар 8 сауда-саттық дүңгіршектердің жалға алушыларына өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тұрақты, уақытша көрсетілетін қызметтерге байланысты жауапты адамдарды бекітілмеген, кәуап жасалатын арнайы орын анықталмаған, электр қондырғыларының барлық ток жүргізу бөліктері тек жанбайтын негізге орнатылмаған. Осы негізде қазақ үйлер және демалыс орындарының иелеріне қандай да бір ереже бұзушылықтар, өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын орындамаған нысан басшыларының әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жеткізілді және Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ӘҚБтК-тің 336-бабы «Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау» жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетіндігі жеткізілді. Жоғарыда аталған жұмыс аудандық ТЖБ қызметкерлерімен жаз мезгілінде өрт қауіпті кезеңінің жоспарына сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп отырады және нысан иелеріне ұсыныс-хабарлама қол қою арқылы жеткізіліп орындалуы қадағаланады.
• Кеген ауданының» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан 08.04.2025 жылы Саты ауылдық округіне қарасты Көлсай көліндегі 10 -сауда нүктелеріне , 4-қонақ үйлердің ғимараттарына және 1- тамақтану орнына мобильді топтың құрамында барып Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ әлеуметтік Кодексінің 154 бабының, 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хабарлама берілді.
• Кеген аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан- Көлсай көлдері маңында орналасқан 1- қоғамдық тамақтану объектісіне, 6- азық- түлік дүңгіршегіне, 4- қонақ үйге бақылау және қалағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным берілді.
Бұл тек алғашқы тексеріс барысындағы атқарылған жұмыстар. Қауіпсіздік пен тазалық тек жұмысшы тобына емес сол аумақтан нан тауып отырған кәсіпкерлерге қажет емес пе?! Демалыс орындарының аумағын өздері қоқысқа толтырса, келушілерден қандай мәдениетті талап етеміз. Тәртіп тек мемлекет немесе басшылыққа ғана емес, кәсіпкерлер мен келушілерге де керек екенінін естен шығармайық. Тәртіпке бағынған құл болмас….

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
57 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
43 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

One thought on “Тәртіпке бағынған құл болмас…

  1. Осындай өзекті мәселер жиі көтеру арқылы қызымет көрсету сапасын жақсартуды қолға алу керек👍Дұрыс бастама

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Туристтік маусымның ашылуына дайындық қалай?!
Следующая запись «Парктер шеруі» немесе Кегендегі экологиялық акция