Қазақ – қырғыз бір туған

Read Time:1 Minute, 12 Second

Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас өскен, Алатаудың күнгейі мен теріскейін қоныс еткен қос халықтың тарихи тамырластығы, бауырластығы ажырамай келе жатқаны баршаға аян. «Қазақ-қырғыз бір туған» дейді қос халық. Қиын-қыстау кезеңде де, жаймашуақ кездерде де екі халықтың алыс-берісі мен барыс-келісі үзілген емес. Сол байланысты жалғастыру мақсатында Қырғызстан Республикасының Түп ауданының әкімі Адиев  Каныбек  Маматбекович бастаған Түп ауданы әкімшілігінің басшылары мен Кеген ауданының басшыларының тәжірбие алмасу кездесуі басталды. Кездесудің мақсаты: ауылшаруашылығы саласы бойынша, инфрақұрылым (жол, көлік, құрылыс, инвесторлар тарту т.б), туризм бағытында, мәдениет пен өнер, спорт саласында және өзге де ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен тәжірибе алмасу.

Түп ауданы әкімшілігінің басшыларынің іс-сапары Кеген ауданының орталығы Кеген ауылындағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға инвесторлардың көмегімен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныстырудан басталып, Заманбек Нұрқаділов атындағы балалар өнер мектебінің жұмысын көрумен жалғасын тапты.

Онымен бірге Кеген ауылдық округы әкімдігінің жұмыс барысын көріп, Кеген аудандық Жастар орталығындағы атқарылып жатқан іс-шараларымен де танысқан болатын. Әрі қарай  Кеген ауданының әкімдігінде атқарылып жатқан жұмыстар мен таныстыру, тәжірибе алмасу бағытында кездесу жиынын өткізу барысында Түп ауданының әкімі Адиев  Каныбек  Маматбекович мырза өзінің жылы лебізін білдіріп, екі елдің арасындағы ынтымақтастығының маңызы зор екенін айта кетті.

Жұмыс сапары түстен кейін Кеген ауданы, Тасашы ауылдық округінде орналасқан «КазМясо» және «КегенМясПром» ЖШС-ларының жұмысын көріп, тәжірбие алмасу мақсатында пікірлескен болатын.

Жемісті жұмыс күні Кеген аудандық мәдениет үйінде «Кеген» халық театрының  қырғыз халқының даңқты жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Арманым Әселім» шығармасының негізінде сахналанған «Қызыл орамалды шынары» қойылымын тамашалаумен аяқтады.

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
100 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
100%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

One thought on “Қазақ – қырғыз бір туған

  1. Екі елдің арасында жақсы тәжірбие алмасу болады деп ойлаймын.
    Әсіресе ауыл шаруашылығы мен туризм бойынша біздің мамандарға өте қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись «Парктер шеруі» немесе Кегендегі экологиялық акция
Следующая запись Қоғамның негізі – ұрпақтар арасындағы байланыс