
Алғабас ауылынан 2 СЭС салынбақ
Энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты даму – қазіргі ауылдық аймақтар үшін басты мәселенің бірі десекте болар. Әсіресе шалғай орналасқан елді мекендер үшін орталықтандырылған электр желісіне қосылу қиындығы әлі де өзекті. Осындай жағдайда баламалы энергия көздерін, соның ішінде су электр станцияларын (СЭС) салу — ауылды дамытудың тиімді жолы болып табылады.
Дәл осындай екі жобаның таныстырылуы күні кеше Алғабас ауылында өтті. Су электр станцияларының қуаты 4 Мбт және 10 Мбт болады деп жоспарлануда. Еліміз егемендік алғалы өндірістік сала кенжелеп тұрғаны өтірік емес. Экологиялық жағынан таза қос бірдей жобаның адуынды Шелек өзенінің бойынан, Алғабас ауылында салынуына ауыл халқы да қарсы болмады. Тыңдалым барысында СЭС салыну және жұмыс жасау барысында өзен арнасы мен ауыл аймағында болатын өзгерістер жайында сөз қозғалып, ауыл тұрғындарымен пікір алмасқан болатын. Алғабас ауылының тұрғындарының пікірі позивті. Өндіріс орнының салынғаны экономикалық тұрғыдан өте тиімді жоба екенінін бәрі түсініп тұр. Кейбір туындаған сауалдарын қойып, басталатын құрылыс бойынша өздері түйген оймен бөлісті.
«KeqenHydro» ЖШС-і Шелек өзенінің бойынан 4,0 МВт су электр станциясын салуды жоспарлауда. Құрылыс жұмыстарына -50 адам, тұрақты жұмыс орны-15 адам
Осы құрылысы басталады деген негізгі артықшылығын талдап көрсек:
- Энергетикалық тәуелсіздік
СЭС арқылы ауыл өз электр қуатын өзі өндіре алады. Бұл — сыртқы электр желілеріне тәуелділікті азайтады және тұрақты қуат көзімен қамтамасыз етеді. Қыс мезгіліндегі жиі үзілістердің алдын алуға септігін тигізеді.
- Электр қуатының үнемі қолжетімді болуы
Электр қуаты тұрақты болған жағдайда:
Мектеп, аурухана, әкімшілік ғимараттар үздіксіз жұмыс істейді;
Шағын кәсіпорындар (диірмен, шеберхана, жылыжай) дамиды;
Халықтың өмір сапасы артады.
- Жаңа жұмыс орындары
СЭС құрылысы және кейінгі техникалық қызмет көрсету үшін жергілікті мамандар қажет болады. Бұл — ауыл жастарына жұмыс пен тәжірибе көзі.
- Экологиялық таза технология
СЭС көмір, мұнай сияқты қазбалы отындарды қажет етпейді. Ол ауаға зиянды газдар шығармайды, сондықтан қоршаған ортаға зияны аз. Бұл ауыл экологиясының сақталуына оң әсер етеді.
- Инфрақұрылым дамуына үлес
СЭС салу барысында:
Жолдар жөнделеді немесе жаңадан салынады,
Байланыс және логистика дамиды,
Қосымша инвестициялар тартылуы мүмкін.
«Осирис Энерго» ЖШС-і Шелек өзенінің бойынан10,01 МВт су электр станциясын салуды жоспарлауда. Құрылыс жұмыстарына -50 адам, тұрақты жұмыс орны-25 адам
Қандай ауылдарға тиімді?
- СЭС салуға келесідей ауылдар лайық:
- Жақын маңда ағынды өзен немесе тау бұлағы бар;
- Электрмен жабдықтауда үзілістер жиі болады;
- Шағын кәсіпті дамытуға қызығушылық жоғары;
- Географиялық тұрғыдан қолайлы (таулы жер, табиғи ағыс күші бар өзен т.б.).
Ауылдық аймақтарға СЭС салу — бұл тек электрмен жабдықтау ғана емес, сонымен қатар ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен серпін беретін мүмкіндік. Бұл — экологиялық жағынан таза, ұзақ мерзімді, өзін-өзі ақтайтын жоба. Мемлекет пен жеке инвесторлар тарапынан қолдау таба алса, СЭС — ауыл болашағының берік энергетикалық негізі бола алады.
Average Rating