
Аудан әкімінің аппарат басшысы тағайындалды
Аудан әкімінің аппарат басшысы лауазымына Бектенов Қанат Әуесханұлы тағайындалды
Бектенов Қанат Әуесханұлы- 1983 жылғы 26 қыркүйекте
Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2004 жыл — Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін Географ, география-экология мамандығы бойынша аяқтаса.
2012 жыл — Алматы үздіксіз білім беру университетін Экономика мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2005 — жылы Алматы қаласындағы Медеу мемлекеттік табиғи паркінің маманы болып бастаған;
2008-2010 жылдар аралығында Райымбек аудандық «Дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы,
2010 жылы Райымбек ауданы әкімнің көмекшісі,
2010-2012 жылдап аралығында Райымбек ауданының Тұйық ауылдық округінің әкімі;
2012-2017 жылдар аралығында Райымбек ауданының Шырғанақ ауылдық округінің әкімі,
2017-2018 жылдар аралығында Райымбек ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы,
2018-2021 жылдар аралығында Кеген ауданының «Қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы;
2021-2023 жылдар аралығында Кеген ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің басшысы;
2023-2025 жылдар аралығында Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы;
2025 жылдың 19 мамырынан бастап Кеген ауданы әкімінің аппарат басшысы /Е-2/ санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.