
Кеген ауданының әкімнің Ереуіл ауылындағы кездесуі қалай өтті
Бүгін Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Қарқара ауылдық округі Ереуіл мен Мыңжылқы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Кеген ауданынындағы 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар мен осы жылдың жоспары талқыланып, тұрғындармен пікір алмасқан болатын. Онымен қоса тұрғындар ауыл мен аудандағы шешіліуі тиіс мәселелерге назар аударуды сұрады. Олар: жол, су, жер және үй мәселесі.
Ереуіл ауылының ақсақалы Еркінбек Медеубеков 2024 жылы оқушы санының азаюына байланысты жұмысын тоқтатқан бастауыш мектеп ғимаратының басқа мақсатта пайдалану мәселесі қалай шешімін табатынына алаңдаушылық білдірді.
Кеген ауданының әкімі бастауыш мектеп ғимаратының иесіз қалмайтындығын айтты. Ауыл тұрғындарының ескертпесі бойынша қоқыс тастайтын орынды ауыл тұрғындарымен ақылдасып шешуді және хаттаманы тиісті мекемеге жедел жеткізуді Қарқара ауылдық округінің әкімі Сабырбеков Ернұрға тапсырды.