
Ауданның 2025 жылдың 3 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы аудан әкімі Н.М. Теңізбаевтың есепті баяндамасы
Аудан бойынша әр сала бойынша халықты толғандырған 193 Проблемалық мәселелердің картасы дайындалып, аталған мәселелер шешімін табуда.
193 мәселенің, 56-і орындалды, 51-і орындалу сатысында, оның 86-і кезең-кезеңмен шешу жолдары қарастырылуда.
— Білім саласы -13;
— Денсаулық сақтау саласы -16;
— Мәдениет саласы — 1;
— Құрылыс саласы – 26;
— ТҮКШ саласы -48;
— Автомобиль жолдары -10;
— Ветеринария саласы – 13;
— Цифрландыру -10.
Сонымен бірге алдағы уақытта облыс әкімі бекіткен проблемалық мәселелерді орындау жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес қаражаттың бөліну мүмкіндігіне қарай жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу, жер телімдерін қарастыру және т.б. жұмыстар атқарылатын болады.
Аудан көлемінде, 2025 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстармен экономикалық көрсеткіштерге тоқталуға рұқсат етіңіздер:
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша:
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5 млрд 936,6 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі – 101,7%-ды құрады (2024 жылдың наурыз айында 7 млрд 261,2 млн теңге).
Өсімдік шаруашылығы аудан бойынша жалпы пайдаланып жатқан егістік жер – 27 886 га (дәнді дақыл – 7308 га; оның ішінде: бидай – 3 302 га, арпа – 3 766 га, сұлы – 240, көкөніс – 134 га, картоп – 691 га, көпжылдық шөп – 19 753 га).
2024 жылға жалпы дәнді дақыл алқаптары 7 308 га құрап, алқаптан өнімділігі гектарына 17 центнерден айланып, 1 294 тонна дәнді дақыл өнімі алынды. 691 га картоп алқабынан гектарына 189 центнерден айланып, 1 306 тонна картоп өнімі жиналды.
2024-2025 жылға ауданға 194 мың тонна мал азығының орнына 206 мың тонна дайындалып жоспар 110% — ға орындалды.
Көктемгі дала жұмыстары бойынша 1 638 га жыртылып, 10 га жерге тұқым себу жұмыстары жүргізілуде (Кеген – 265 га, Жалағаш – 386 га (50 га себілді), Қарабұлақ – 35 га, Саты – 32 га, Алғабас – 40 га, Тасашы –200 га, Қарқара – 300 (50 га себілді), Бөлексаз – 150 га, Шырғанақ – 110 га, Ұзынбұлақ – 40 га, Жылысай – 80 га) жыртылып, көктемгі дала жұмыстары жүргізілуде.
Көктемгі дала жұмыстарына 125 дана доңғалақты трактор, 55 дана соқалар, 18 дана сепкіш, 27 дана қопсытқыш, 52 дана жер тырмалар, барлығы 277 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Мал басының саны:
- Ірі қара – 50 568 бас, (2024 жылдың наурыз айы 49 942),
- жылқы – 30 506 бас, (2024 жылдың наурыз айы 23 357),
- қой-ешкі – 232 322 бас. (2024 жылдың наурыз айы 224 015).
- тірі салмақта – 2 349,1 тонна мал мен құс еті (2024 жылдың наурыз айы 2 327,9 тонна).
- 1 112,3 тонна сиыр сүті өндірілді (2024 жылдың наурыз айы 1 047,8 тонна).
Техникалық базаның жаңарту көрсеткіші бойынша 2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 5%-дық лизингке 14 дана ауыл шаруашылық техникасы 185,2 млн теңгеге сатылып алынды (2023 жылда 7 жаңа техника 88 млн теңгеге,
2024 жылы 20 жаңа техника 192 млн теңгеге алынды).
Ауданда 10 канал бар. Каналдарға қатысты суарылатын жер көлемі 9 198 га құрайды. Құрылыстың жалпы құны 16 млрд 848 млн теңгені құрайды.(Құрылыс жұмыстарының мерзімі 2022-2025 ж. мердігер «Г.С.Г. Высотник» ЖШС ). Аталған жұмыстарға барлығы 3 млрд 266 млн теңге қаржы бөлінді.
Олар:
«Құмтекей» каналы, (ұзындығы 46,8 км,суарылатын жер көлемі – 2 589 га);
«Қарқара» каналы (ұзындығы 5,5 км, суарылатын жер көлемі – 723 га);
«Мөңкебай» каналдары (ұзындығы 10 км, суарылатын жер көлемі – 1349 га);
«Ұзынбұлақ» каналы (ұзындығы 3,8 км, суарылатын жер көлемі – 400 га);
«Жылысай» каналы (ұзындығы 8 км, суарылатын жер көлемі – 64 га);
«Шелек» каналы (ұзындығы 4,3 км, суарылатын жер көлемі – 70 га);
«Ақсай» каналы (ұзындығы 9,7 км, суарылатын жер көлемі – 365 га);
«Саты» каналы (ұзындығы 27,9 км, суарылатын жер көлемі – 300 га);
«Иірсу» каналы (ұзындығы 6,1 км, суарылатын жер көлемі – 823 га).
2022-2025жылдар аралығында жайылымдық жерлерді суландыру бойынша 90 құдық 13 бассейн қаражат бөлініп жұмыстар атқарылуда.
2022 жыл | 2023 жылы | 2024 жылы | 2025 жылы | |
Жылысай а/о. Жылысай жайылымдарын суландыруға арналған құбыры бар 35 құдықты реконструкциялау | 50,0 млн теңге | 124,0 млн теңге | 108,0 млн теңге | 56,0 млн теңге |
Ұзынбұлақ а/о Қату (Бұқан), Ұзынбұлақ, Ақсай (белгілеу) учаскесінің жайылымдарын суландыруға арналған құбыры бар 22 құдықты реконструкциялау | 183,1 млн теңге | 393,6 млн теңге | 170,8 млн теңге | 457,3 млн теңге |
Жаланаш а/о, Торайғыр, Қопалы, Жазық учаскесінің жайылымдарын суландыру үшін құбырлары бар 12 құдықты реконструкциялау | 200,0 млн теңге | 155,0 млн теңге | 0,0 | 243,0 млн теңге |
Қарабұлақ а/о Торайғыр учаскесінің жайылымдарын суландыруға арналған құбыры бар 21-ші құдықты, 13 бассейнді реконструкциялау | 86,6 млн теңге | 0,0 | 332,6 млн теңге | 48,0 млн теңге |
Барлығы | 519,7 млн теңге | 672,6 млн теңге | 611,4 млн теңге | 804,3 млн теңге |
Қазіргі таңда жеңімпаз деп 2 мердігер «ЕСК Гранд Канал» ЖШС, «Тунас» ЖШС анықталып жұмыстарын жүргізуде.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 291 жобаның 2,1 млрд теңгеге өтінім құжаттары жиналды, 2024 жылға 169 кәсіпкер 1 млрд 364 млн теңгеге несие алса, 2025 жылдың басынан осы уақытқа дейін 11 кәсіпкер 139 млн теңге несиелерін алып, 1 млрд 503 млн теңгені құрады. («Ауыл аманаты» жобасы негізінде 38 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып,15 кооператив 377,7 млн теңге несиелерін алып, жұмыстарын жүргізуде.
2025 жылға 3 кооператив 83 млн 800 мың теңге несиелерін алды. 9 кооперативтің құжаттары «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясында қаралуда.11 кооператив құжаттары лимиттің асып кетуіне байланысты кері қайтарылды).
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 3 елді мекенге мал дәрілеу орындарын қоршауғa 11,3 млн теңге (Ұзынбұлақ-3,7 млн теңге, Қарабұлақ-3,7 млн теңге, Жайдақбұлақ-3,7 млн теңге)
(2024 жылы 7 елді мекенге мал дәрілеу орындарын қоршауға 27,1 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді. Кеген – 3,9 млн теңге Тасашы- 3,9 млн теңге, Қарқара – 3,9 мл теңге, Шырғанақ – 3,9 млн теңге, Бөлексаз -3,9 млн теңге, Жылысай- 3,9 млн теңге, , Ұзынбұлақ – 3,9 млн теңге).
Оның сыртында облыстық ветеринария басқармасына 2025 жылы 7 елді мекенге мал қорымдарын салуға үшін ЖСҚ жасатуға 15,4 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді. (Жалаулы-2,2 млн теңге, Алғабас-2,2 млн теңге, Ақтасты-2,2 млн теңге, Қарқара-2,2 млн теңге, А.Нүсіпбеков-2,2 млн теңге, Кеңсу-2,2 млн теңге, Саты-2,2 млн теңге).
(2024 жылы 7 елді мекенге мал қорымдарын салуға 158,1 млн теңге бөлініп, 7 ауылда жұмыс толық аяқталды) (Кеген-20,9 млн теңге, Жаңатасашы-23,9 млн теңге, Кіші Қарқара-20,9 млн теңге, Жалағаш 20,9 млн теңге, Қарабұлақ-24,7 млн теңге, Көкпияз-20,9 млн теңге, Жайдақбұлақ-25,9 млн теңге).
Жер қатынастары бойынша:
Ауылшаруашылық жерлерін түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында өз мақсатында пайдаланылмай отырған жер пайдаланушылар мен келісім шарттарын бір жақты бұзу негізінде және қайтару жұмыстарының нәтижесінде 35 845 гектар нысаналы мақсаты бойынша жыл басынан пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталған. Оның 23 197 гектар жер ауданның жер қорына қайтарылды (20787 га жайылымдық, шабындық 386 га, 2024 га егістік ӨЗ ЕРКІМЕН 6335 СОТ ШЕШІМІ АРҚЫЛЫ 16 862), (2025 жылы 1 895 га жер қайтарылды).
Жер заңнамасын сақталмау фактілері анықталған жалпы ауданы 1 000 га құрайтын 3 уақытша жер пайдаланушы шарттарын бұзу бойынша сотқа талап арыз жолданды. Бүгінде облыстық аудан аралық экономикалық сотында қаралуда.
2024 жылы 300 га егістік конкурс негізінде 29 жеке азаматқа берілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізу бойынша Кеген ауылдық округінде 29 участок көлемі 213 га суармалы егістік, Тасашы ауылдық округі бойынша 8 участок көлемі 82 га егістік барлығы 295 га жер учаскелері ақпарат құралдары және аудан әкімдігінің сайтында жарияланды. Ағымдағы жылдың 4 маусым күні құжат қабылдау аяқталып, 5 маусымында конкурс өткізілетін болады.
Алдағы уақытта Тұйық, Шырғанақ ауылдық округтері бойынша жер учаскелерінің сызбалары сызылып конкурсқа шығаруға дайындалуда.
Аудан бойынша 3 442 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген (337 заңды тұлға, 1 558 жеке кәсіпкер, 1 547 шаруа қожалықтары).
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 430,7 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 625,9 пайызға орындалды. (2024 жылы наурыз айы 346,7 млн теңге ).
Оның ішінде;
-жергілікті бюджеттен – 20,7 млн теңге,
-тұрғындардың жеке қаржысымен, банк кредиттері 410 млн теңге.
2025-2027жылдарға 23,7 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Шамамен 340 ден аса жаңа жұмыс орны құрылады.
1) Облыстық энергетика басқармасы арқылы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға «Кеген Мяспром» ЖШС – «Ет комбинаты»-на сұраныс жасалынды.
Биылғы жылы құны 2,5 млрд теңгелік «Кеген Мяспром» ЖШС – «Ет комбинаты» жобасы іске асырылуда (құны: 2,5 млрд теңге, 50 жұмыс орны, қуаттылығы: ауысымына 10 тонна ет, Ақтасты ауылының маңында);
2) «СПК Талас» Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Сүт өңдеу фермасының құрылысы. Жобаның құны 420 млн. теңге, 50 жұмыс орнымен қамтылған. Жобаның қуаттылығы жылына 300 тонна. 2024 жылы 400,0 млн теңгеге сүт бағытындағы асыл тұқымды сементал ірі қара мал сатып алынды.
3) «ASK Capital» ЖШС-нің қара шатқал туристік аймақтан аспалы көпір салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд теңге (50 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру кезеңі 2024-2025 жж.)
4) «Слава Мұнай Сервис» ЖШС-і жер асты тау кенін өндіру. Жоспарланған жобалық қуаты 500 мың тоннаны құрайды, ал жаңа жұмыс орындарының саны 75 адамға дейін. Жобалық құны 4,6 млрд теңгені құрайды.
5) «Кеген Гидро» ЖШС- і қуаттылығы 3,5 МВт, жобалық құны 2,2 млрд теңге болатын су электр станциясын салу жоспарлауда.
6) «Осирис Энерго» ЖШС-і қуаттылығы 10,0 МВт, жобалық құны 7,5 млрд теңге болатын су электр станциясы, биылғы жылы 1,5 млрд теңгеге жұмыс бастау жоспарлауда .
7) «Gassoil» ЖШС-гі Кеген ауылынан жанар-жағар май құю бекетін және қонақ үй салу жоспарлауда. (жобаның құны — 600,0 млн теңге,25 жұмыс орнын құру. Қуаты тәулігіне 50 адам)
8) «Сompass» ЖШС-гі трассалық кешен Алматы -Кеген тас жолының бойынан жанар жағар май құю бекеті, тамақтану орны және жылдам дүкен салу жоспарлануда (жобаның құны — 2,8 млрд теңге)
9) «The Secret Corp» ЖШС-гі Көлсай ұлттық табиғи паркіне инфрақұрылымы бар қоғамдық авто тұрақ құрылысын салуды жоспарлап отыр. (Жобаның құны-925 млн теңге,18 жұмыс орнын құру).
10) «Қара шатқал» ЖШС-гі Туристік аймақ құру жоспарлауда. (жоба құны – 500 млн.теңге, 50 жұмыс орнын құру. Жобаның қуаттылығы жылына 150 мың адам қабылдау).
11) «7Сolors» ЖШС. Кеңсу өзенінде форель өсіретін шаруашылығы (жобаның құны – 200 млн.теңге, 18 жұмыс орнын құру. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тонна форель өсіру. Жобаны іске асыру кезеңі 2021-2023жыл)
Ауданға 2025 жылдың 3 айында 82 130 турист келді.
Сонымен қоса Кеген өткізу бекетінен Қырғыз Республикасына өтетін кедендік бекетке 2024 жылы 116 483 адам өтсе 2025 жылдың қаңтар – наурыз айында 5 130 адам өтті, Шарқұдық альпенистік лагеріне бүгінгі күнге 100 ден аса туристер келді.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4 млрд 425,4 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 82,8 %- ға орындалды (2024 жылдың наурыз айында 5 млрд 187,9 млн теңге).
Салық түсімдері бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған 2 млрд 70 млн теңгенің орнына 2 млрд 279 млн теңге салық жиналып, жоспар 110,0 пайызға орындалды.
Оның ішінде:
- жергілікті бюджетке – 816 млн 267 мың теңге;
- Республикалық бюджетке – 1 млрд 463 млн теңге:
- Облыстық бюджетке – 30 млн 678 мың теңге;
- Аудандық бюджетке – 785 млн 589 мың теңге.
Бюджеттің шығыс бөлігі ағымдағы жылдың 3 айында 1 млрд 544 млн теңгені құрап, игерілуі 99,6 пайызға орындалды.
2025 жылы жоспарға сәйкес 11 млрд 478 млн теңге болып 2 млрд 910 млн теңгеге артты.
Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша
598 шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 131,7 пайызға орындалды. (2023 жылы ақпан айында 345 шаршы метр).
Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша:
2025 жылы 3 айда 149,6 млн теңгеге орындалды.
- 2024 жылы Кеген ауылынан 30 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын және инженерлік-коммуникациялық желілерін тарту жұмыстарын аяқтауға 573,4 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді, қолданысқа берілді. (Жобаның жалпы құны – 1 млрд 231 млн).
- Кеген ауылынан салынатын 50 жеке тұрғын үйдің инженерлік желілерін тарту жұмыстарын аяқтауға 186,0 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
- Жалағаш ауылынан мәдениет үйінің құрылысына 92,3 млн теңге, (Құрылыс жұмыстарының 85 пайызы атқарылды. Мердігер аяқтау мерзімін кешіктіргендіктен, құжаттары сотқа жолданды. 2025 жылға – 102,2 млн).
- Жылысай ауылынан мәдениет үйінің құрылысын салуға 200,0 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтап тұр. (Жұмыстың аяқталуы 2025 жылы 709,5 млн теңге).
Алматы облыстық құрылыс басқармасы арқылы:
- Қарқара ауылынан спорт залымен біріктірілген мәдениет үйінің құрылысын аяқтауға 50,0 млн теңге және Бөлексаз ауылындағы мәдениет үйінің құрылысына 110,0 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы құрылыс нысандарына 10 жобалық-сметалық құжаттамалар жасалынып мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. (Жалағаш ауылынан 20 жеке тұрғын үй құрылысын салуға 30,9 млн теңге, Бөлексаз, Жылысай, Тасашы, ауылдарынан әкімшілік ғимаратының құрылысын салуға және Қарқара ауылынан тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктінің құрылысын салуға, Кеген ауылынан 35 тұрғын үйдің құрылысының және инженерлік коммуникациялық желілерін тартуға, Қарқара ауылынан шекара қызметкерлеріне арналған 2 қабатты 8 тұрғын үйдің құрылысын салуға инженерлік коммуникациялық желілерін құрылысына, Кеген ауылынан 3 төрт қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салуға, инженерлік коммуникациялық желілерін құрылысының ЖСҚ-лары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды).
2025 жылға бірқатар жобаларға қаржы қарастырылды:
- Тасашы ауылынан ауылдық әкімшілік ғимаратын салуға 349,6 млн теңге (Мердігер Финансово-строительная компания Астана құрылыс, келесім шарт сомасы – 276,6 млн теңге);
- Қарқара ауылынан тұрғын үймен біріктірілген полиция пунктінің құрылысын салуға 141,9 млн теңге; (Мердігер БураГрупп ЖШС, келесім шарт сомасы – 117,1 млн теңге);
- Кеген ауылының кіре берісінен арка құрылысын салуға 185,8 млн теңге (Мердігер БураГрупп ЖШС, келесім шарт сомасы –– 149,3 млн теңге );
- Кеген ауылынан кітапхана және мәдени орталығы құрылысын салуға ЖСҚ жасатуға 25,5 млн теңге, Шырғанақ 12 млн теңге бөлініп сараптама қорытындысын алуға құжаттар дайындалуда.
- Тұйық мәдениет үйлерінің құрылысын салуға ЖСҚ жасатуға 35,8 млн теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
- Антена-мачталық құрылғысын 4 республикалық жолдарға (Аласа, Шарын, Кеген асуы, Қырғызстан шекарасы) және 5 елді мекенге (Жіңішке, Талды, Кеңсу, Қызылжар, Мыңжылқы) орнатуға жобалық сметалық құжаттар жасатуға 80,4 млн теңге бөлініп, ЖСҚ-ы дайындалуда.
- Шекара қызметкерлеріне арналған жылыту пунктерін орнатуға 40,0 млн теңге қарастырылды (2024 жылы 8 Саты ауылдық округі аумағында – 2, Қарабұлақ ауылдық округі аумағында – 2, Қарқара ауылдық округі аумағында – 4, барлығы 8 жылыту пункті 62 млн 720 мың теңгеге орнатылды).
Алматы облыстық құрылыс басқармасы арқылы:
- Жалағаш ауылынан спорттық сауықтыру кешенін салуға 1 125,0 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды (Мердігер Гунн строи сервис ЖШС, келесім шарт сомасы – 953,1 млн теңге);
- Кеген ауылынан 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтауға 729,8 млн теңге бөлінді (Мердігер Даулет Серпин ЖШС).
Сәулет және қалақұрылысы бөлімі бойынша
Кеген ауданында орналасқан Саты, Жалағаш ауылдарының бас жоспарлары қазіргі таңда жасалуда.
Бөлінген қаражат:1. Саты ауылына 23,0 млн тенге;
- Жалағаш ауылына 38,0 млн тенге.
Сонымен қатар 2025 жылға Кеген, Тоғызбұлақ, Мыңжылқы ауылдарына бас жоспар жасауға облыстан қолдау тапты.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша:
Ауданда 34 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Яғни, қамту деңгейі 91 пайызды құрайды.
Орталықтандырылмаған ауыз су мен қамтылмаған елді мекендер
Мыңжылқы – халық саны 55 адам.
Қызылжар – халық саны 55 адам.
Мойнақ (Қолтықбастау) – халық саны 105 адам.
- Шырғанақ (2024 жылға 32,0млн теңге, Жалпы құны 693,3 млн теңге), Ақай Нүсіпбеков (2024 жылға 69,8 млн теңге, Жалпы құны 1052,0 млн теңге), Қарабұлақ (2024 жылға 75,8 млн теңге, Жалпы құны 505,5 млн теңге) ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылыстарын салу және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
- Кеген ауылынан коллекторлы дренаж салу жұмысын жүргізуге 271,8 млн теңге бөлініп жұмыс аяқталды.
- Қазіргі уақытта аудан бойынша жалпы 8 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-лары дайындалып жатыр.
(Ұзынбұлақ (25,3 млн теңге), Жалаулы (18,3 млн теңге) ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-лары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Сарыкөл (16,3 млн теңге), Тоғызбұлақ (23,3 млн теңге), Жалағаш (22,0 млн теңге), Мыңжылқы (4,0 млн теңге) ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-сын жасауға 61,6 млн теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалары жасалынуда.
Түменбай , Шыбышы ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-сын жасалуда.)
- Сонымен қатар 2025 жылы Саты ауылына сүзгі алаңын салуға 964,0 млн теңге;(Мердігер ТОО «Карат-Z» ЖШС. Келісім шарт жасалуда)
- Жаңа Тасашы ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына 626,3 млн теңге;
2024 жылы 8 елді мекенге қатты қалдықтарды тастайтын орынды қоршауға 94 млн теңге және санитардық тазалыққа 20,0 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді (Кеген- 60,0 млн теңге, Кіші Қарқара — 18,0 млн теңге, Шырғанақ — 19,0 млн теңге, Жайдақбұлақ -17,0 млн теңге, Ақсай -17,0 млн теңге, Ереуіл – 17,0 млн теңге, Күрметі – 17,0 млн теңге, Шыбышы – 19,0 млн теңге).
Қарқара, Жылысай, Саты ауылдық округтері Қатты қалдықтарды тастайтын орынды қоршауға бөлінген қаражатты игермей, аудандық бюджетке қайтарды.
Кіші Қарқара, Шырғанақ ауылдарындағы қатты қалдық тастайтын орындарды қоршау жұмыстары сот процесінде.
- 12 ауылдық округке қатты қалдықтарды күреп тазалауға 22,0 млн теңге; (Кеген- 7,0 млн теңге, Алғабас – 1,4 млн теңге, Бөлексаз -1,0 млн теңге, Жалағаш – 1,6 млн теңге, Жылысай -1,4 млн теңге, Қарабұлақ -1,2 млн теңге, Қарқара -1,2 млн теңге, Ұзынбұлақ -1,6 млн теңге, Саты -1,4 млн теңге, Шырғанақ – 1,6 млн теңге, Тасашы – 1,6 млн теңге, Тұйық -1,0 млн теңге).
- Аудан бойынша ауылдық елді мекендерді абаттандыруға 106,6 млн теңге;
- 9 елді мекенге балалар ойын алаңын салуға 180,0 млн теңге; (Кеген -20,0 млн теңге, Тұйық -20,0 млн теңге, Түменбай – 20,0 млн теңге, Жаңаталап -20,0 млн теңге, Шыбышы – 20,0 млн теңге, Ақай Нүсіпбеков -20,0 млн теңге, Жалаулы – 20,0 млн теңге, Шырғанақ – 20,0 млн теңге, Жалағаш -20,0 млн теңге).
- 9 елді мекенге шағын футбол алаңын салуға 153,0 млн теңге; (Кеген – 17,0 млн теңге, Бөлексаз – 17,0 млн теңге, Жылысай – 17,0 млн теңге, Күрметі -17,0 млн теңге, Ұзынбұлақ – 17,0 млн теңге, Ақтасты -17,0 млн теңге, Кіші Қарқара – 17,0 млн теңге, Жалағаш – 17,0 млн теңге, Талды – 17,0 млн теңге).
- Кеген ауылындағы 5 көп қабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 135,0 млн теңге;
- Сонымен қатар көше жарық шамдарын орнатуға 25 елді мекенге 164,3 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді (Кеген – 38,5 млн теңге,2. Жалағаш-9,0 млн теңге, 3. А.Нүсіпбеков-8,1 млн теңге, 4.Қарқара-9,0 млн теңге, 5.Жылысай-5,4 млн теңге, 6.Тоғызбұлақ-3,6 млн теңге, 7.Бөлексаз-6,6 млн теңге ,8. Тұйық-9,0 млн теңге, 9.Қарабұлақ-7,7 млн теңге, 10. Алғабас – 7,7 млн теңге, 11.Жаңаталап – 3,6 млн теңге, 12. Жіңішке – 1,8 млн теңге,13.Шыбышы-3,6 млн теңге, 14. Ақсай – 5,2 млн теңге, 15.Талды-1,8 млн теңге, 16. Кеңсу-1,8 млн теңге, 17.Кіші Қарқара-1,8 млн теңге, 18.Мойнақ-3,6 млн теңге, 19. Ақтасты-1,6 млн теңге, 20. Тасашы-7,7 млн теңге, 21 .Саты-10,3 млн теңге, 22.Көкпияз-1,8 млн теңге, 23. Ұзынбұлақ-3,6 млн теңге, 24.Шырғанақ-9,0 млн теңге, 25.Түменбай-1,6 млн теңге).
2025 жылы атқарылатын жұмыстар:
- Қара каньонға электр желілерін тарту жұмыстарына 2024 жылға 40,0 млн теңге бөлінді, 2025 жылға 13,5 млн теңге қарастырылды. (Келісім шарт құны 53,5 млн теңге)
- Кеген ауылындағы З. Нұрқаділовтың ескерткішін қою және аумағын абаттандыру жұмыстарына 2025 жылға 34,8 млн теңгеге өтпелі кезеңмен жүргізілуде (2024 жылы 73,2 млн теңге)
- Саты ауылына (20,2 млн теңге), Тұйық ауылына сарқырамаға (2,7 млн теңге), Қарабұлақ ауылындағы лагерге (2,1 млн теңге), Орта Меркі (2,1 млн теңге), Шет Меркі (2,1 млн теңге), А. Нүсіпбеков ауылына этно ауылға (1,4 млн теңге) электр желілерін тарту жұмыстарына ЖСҚ-сын жасауға 28,5 млн теңгеге ашық конкурс жарияланды;
- Аудан бойынша ауылдық елді мекендерді абаттандыруға 109,1 млн теңге;
- 12 ауылдық округтерге қатты қалдықтарды күреп тазалауға 32,0 млн теңге; (Кеген- 8,0 млн теңге, Алғабас – 2,5 млн теңге, Бөлексаз -1,5 млн теңге, Жалағаш – 2,5 млн теңге, Жылысай -2,0 млн теңге, Қарабұлақ -2,0 млн теңге, Қарқара -2,0 млн теңге, Ұзынбұлақ -2,5 млн теңге, Саты -2,5 млн теңге, Шырғанақ – 3,0 млн теңге, Тасашы – 2,0 млн теңге, Тұйық -1,5 млн теңге);
- Санитарлық тазалыққа 12 ауылдық округтерге 30,0 млн теңге; (Кеген- 5,0 млн теңге, Алғабас – 2,0 млн теңге, Бөлексаз -2,0 млн теңге, Жалағаш – 3,0 млн теңге, Жылысай -2,0 млн теңге, Қарабұлақ -3,0 млн теңге, Қарқара -2,0 млн теңге, Ұзынбұлақ -2,0 млн теңге, Саты -3,0 млн теңге, Шырғанақ – 2,5 млн теңге, Тасашы – 2,0 млн теңге, Тұйық -1,5 млн теңге);
- 8 елді мекенге балалар ойын алаңын орнатуға 164,2 млн теңге. (Қарқара-20,0 млн теңге, Жалағаш-30,4 млн теңге, Тоғызбұлақ-16,7 млн теңге, Саты-20,0 млн теңге, А. Нүсіпбеков – 20,0 млн теңге, Көкпияз -20,0 млн теңге, Жіңішке -20,0 млн теңге, Ақсай -17,0 млн теңге);
- 11 елді мекенге көше жарық шамдарын орнатуға және Саты ауылына көше жарық шамдарын салуға ЖСҚ жасатуға 106,3 млн теңге бөлінді. (Кеген – 22,8 млн теңге, 2. Жалағаш-15,4 млн теңге, 3. А.Нүсіпбеков-10,9 млн теңге, 4.Қарқара-7,2 млн теңге, 5.Жылысай-5,1 млн теңге, 6.Бөлексаз-5,4 млн теңге, 7.Тұйық-10,0 млн теңге, 8. Жаңаталап -9,1 млн теңге, 9.Ұзынбұлақ – 5,4 млн теңге, 10.Шырғанақ-7,2 млн теңге, 11.Тасашы-3,7 млн теңге, 12. Саты ауылына ЖСҚ жасатуға-3,8 млн теңге);
Ауданның 34 елді мекенінің 90 пайызы көше жарық шамдарымен қамтылды.
- 3 елді мекенге саябақтарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 51,0 млн теңге (Бөлексаз – 15 млн теңге, Тасашы – 21,0 млн теңге, Ақтасты – 15,0 млн теңге);
- Саты ауылына саябақтың құрылысына ЖСҚ жасатуға 13,9 млн теңге;
- Қарқара ауылдық округіндегі атшабар аумағын жөндеу жұмыстарына 20,0 млн теңге;
(Кеген ауылындағы «Жастар» саябағын күтіп баптауға 4,1 млн теңге;
Кеген ауылындағы LED экранды күтіп баптауға 4,0 млн теңге;
Көп қабатты тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстарына Кеген ауылындағы көпқабатты 2 тұрғын үйге 44,0 млн теңге; Тұйық ауылына көпқабатты 1 тұрғын үйге 86,9 млн теңге;
Ескерткіштерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 46,8 млн теңге бөлінді. (Бөлексаз -5,9 млн теңге, Қарқара – 6,1 млн теңге, Саты-5,8 млн теңге, Жалағаш-29,0 млн теңге);
Жол саласы бойынша:
Аудан аумағында барлығы 775 шақырым жол бар. Оның ішінде 68 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 32 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Республикалық маңызы бар – 215 км
— жақсы және қанағаттанарлық – 85 %,
— жөндеу қажет ететіні – 15 %;
Облыстық маңызы бар – 240 км
-жақсы және қанағаттанарлық – 52 %,
-жөндеу қажет ететіні – 48 %;
Жергілікті маңызы бар – 320 км
-жақсы және қанағаттанарлық – 68%,
-жөндеу қажет ететіні – 32 %.
Жол құрылысына және жөндеуге 2024 жылға ауыл ішкі жолдарын маршруттық тәсілмен және орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд 693 млн теңге бөлінді.
- Атап айтсақ:
- Кеңсу (2024 жылы 58,8 млн теңге), Жайдақбұлақ (2024 жылы 61,8 млн теңге), Алғабас (2024 жылы 98,5 млн теңге) Ереуіл (2024 жылы 85,3 млн теңге), Ақтасты (2024 жылы 340,6 млн теңге) ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды.
- Ұзынбұлақ (2024 жылы 304,0 млн теңге, жобаның жалпы құны – 697,7 млн), Көкпияз (2024 жылы 109,4 млн теңге, жобаның жалпы құны – 135,5 млн) Шырғанақ (2024 жылы 100,0 млн теңге, жобаның жалпы құны – 506,2 млн), Жалаулы (2024 жылы 73,0 млн теңге, жобаның жалпы құны – 274,4 млн), А.Нүсіпбеков (2024 жылы 98,0 млн теңге, жобаның жалпы құны – 627,2 млн) ауылдарының көше жолдарына қиыршық құм тас төселіп, жолдың негізі жасалуда.
- Ақсай (2024 жылы 31,0 млн теңге, жобаныңжалпы құны – 56,0 млн), Жалағаш (2024 жылы 49,1 млн теңге жобаның жалпы құны – 85,4 млн) ауылының көше жолдарына қиыршық құм тас төселіп, жолдың негізі жасалды. Бүгінгі күні асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілір, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының қорытындысы күтілуде.
- Қарабұлақ, Кеген, Жіңішке, Саты, Темірлік, Талды, Тасашы ауылдарының ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасалынды.
- Кеген ауылының ішкі көшелеріне жол таңбасын сыздыру (разметка) жұмыстарына 5,0 теңге млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
- Одан бөлек, 8 участокке жасанды жол кедергілерін қоюжұмыстарына 6,3 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. (Оған жол белгілері 60-40, жаяу жүргінші жолаған сыздыру).
2025 жылы атқарылатын жұмыстар;
Өтпелі жобаларға 8 жобаға 1036,3 млн теңге бөлінді.
- Жалағаш (2024 жылы 49,1 млн теңге 2025 жылға 36,3 млн теңге), Ақсай (2024 жылы 31,0 млн теңге 2025 жылға 25,0 млн теңге), Жалаулы (2024 жылы 73,0 млн теңге 2025 жылға 174,4 млн теңге), Шырғанақ (2024 жылы 100,0 млн теңге 2025 жылға 150,0 млн теңге), А.Нүсіпбеков (2024 жылы 98,0 млн теңге 2025 жылға 228,4 млн теңге), Көкпияз (2024 жылы 109,4 млн теңге 2025 жылға 26,0 млн теңге), Ұзынбұлақ (2024 жылы 311,7 млн теңге 2025 жылға 187,7 млн теңге), Мыңжылқы – Шарқұдық (2024 жылы 260,0 млн теңге 2025 жылға 208,5 млн теңге) ауылдарының ішкі жолдарына маршруттық тәсілмен және орташа жөндеу жұмыстарын қаражат бөлінді;
2025 жылға 17 жобаға 660,6 млн теңге бөлінді.
- Тасашы (25,1 млн теңге), Талды (17,3 млн теңге) Тоғызбұлақ (125,9 млн теңге) ауылдарына ішкі көше жолдарына маршруттық тәсілмен және орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 168,3 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу порталына берілді;
- Саты ауылынан автотұрақ салуға 394,3 млн теңге (Мердігер – «Монолит Дизайн» ЖШС-гі, келісімшарт сомасы – 370,4 млн теңге );
- Кеген ауылының ішкі көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 22,4 млн теңге (Мердігер – «Жолашар» ЖШС-гі, Келісімшар сомасы – 18,9 млн теңге);
- 12 ауылдық округтердің ішкі жолдарына жасанды жол кедергілерін орнатуға 75,6 млн теңге бөлініп, ортану жоспарлануда (1.Кеген – 6,3 млн теңге, 2. Жалағаш – 6,3 млн теңге, Қарабұлақ – 6,3 млн теңге, 4.Қарқара – 6,3 млн теңге, 5.Жылысай – 6,3 млн теңге, 6.Бөлексаз – 6,3 млн теңге, 7. Тұйық – 6,3 млн теңге,8. Тасашы – 6,3 млн теңге; 9. Алғабас – 6,3 млн теңге,10. Саты – 6,3 млн теңге, 11.Ұзынбұлақ – 6,3 млн теңге, 12.Шырғанақ – 6,3 млн теңге).
Облыстық маңызы бар:
- 2024 жылы облыстық маңызы бар Тұйық жолын 21,5 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына 2025 жылға 875,0 млн теңге бөлініп, өтпелі кезеңмен мамыр айында жұмыстар бастау жоспарлануда;
- Қарқара-Ереуіл автомобиль жолдарының 2,200-10,140 шақырым участкесіне орташа жөндеу жұмыстарына 43,3 млн теңге бөлініп, өтпелі кезеңмен мамыр айында жұмыстар бастау жоспарлануда.
Республикалық маңызы бар:
«КазАвтоЖол» АҚ ҰК Алматы облыстық филиалы арқылы Кеген ауданына автомобиль жолдарына 4 нысанға орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталына қайталап беріліп, 3 нысанның мердігерлері атықталып, жұмыстар жүргізілетін болады. Атап айтсақ:
- «Көкпек-Кеген-Түп» 26-41 км аралығы (1,6 млрд), Жалағаш бұрылысынан Ақсайға дейін) — 15 км жол (Мердігер – Жетісу Жол Құрылысы ЖШС-гі);
- «Көкпек-Кеген -Түп» 68-88 км аралығы (1,9 млрд), Кегеннің кіре берісінен Қарқараға дейін) — 20 км жол (Мердігер – Жетісу Жол Құрылысы ЖШС-гі);
- «Кеген-Нарынқол» 0-37 км аралығы (3,9 млрд), Кегеннен Текеске дейін) — 74 км жол (Мердігер – Нұрлы Жол-7 ЖШС-гі);
- «Жаланаш-Саты-Көлсай көлі» 3-24 км аралығы —21 км жол;
Жұмыспен қамту
2025 жылдың 3 айында жұмыссыз ретінде тіркелген 704 азаматтың 279-ы жұмыспен қамту шараларына тартылып, 67-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
(Қоғамдық жұмысқа – 160, әлеуметтік жұмыс орындарына – 24, жастар тәжірибесіне – 8, алғашқы жұмыс орнына – 5, күміс жас бағдарламасына – 15).
2025 жылдың 1-тоқсанында аз қамтылған 43 отбасындағы 263 адамға 5 млн 625 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 9 отбасына 327,0 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 92 маманға 36 млн 450 мың теңге көтерме жәрдем ақы төленді.
(Білім саласына — 61 маманға, денсаулық саласына — 9 маманға, спорт саласына – 6 маманға, ветеринария саласына — 6 маманға, мәдениет саласына – 1 маманға, мемлекеттік қызметке — 6 маманға, әлеуметтік саласына — 3).
60 маманға 511 млн 342 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді.
(Білім саласына — 29 маманға, денсаулық саласына — 14 маманға, спорт саласына — 8 маманға, ветеринария саласына — 3 маманға, мемлекеттік қызметке — 3 маманға, мәдениет саласына – 1, әлеуметтік саласыны — 2).
2025 жылға 70 маманға 27,5 млн 524 мың теңге көтерме жәрдем ақыға, 25 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несиеге 228 млн 56 мың теңге бөлінді.
Білім беру саласында ауданда барлығы 30 мектеп бар. Оның:
- 21 орта,
- 4 негізгі орта,
- 5 бастауыш мектеп жұмыс істейді.
(1 өнер мектебі, 1 техникалық шығармашылық орталық, 1 колледж, 4 мемлекеттік, 11 жеке меншік балабақша, 1 мектеп жанындағы интернат, 15 мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс істейді).
2024-2025 жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 469 бала оқуға барды. 2 244 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Аудан мектептерінде барлығы 4 860 оқушы білім алуда. Білім сапасы 68,3 %-ды құрауда.
Жалпы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 98,2% құрайды.
— 0-3 жас аралығында барлығы – 1 209 бала,
— 3-6 жас аралығында – 1 764 бала,
— Мектепалды даярлық сыныптарында – 444,
— 0-6 жас аралығында — 2 973 бала.
2024 жылы:
Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд 147 млн теңге бөлініп, жұмыстары 100 пайызға орындалып, қолданысқа берілді;
- Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебіне 35,0 млн теңгеге материалдық базасы жаңартылып алынды.
- Тасашы ауылындағы Тасашы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 млрд 25 млн теңге бөлініп, қолданысқа берілді.
- Кеген ауылындағы Кеген өнер мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 261 млн 786 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары 100 пайызға орындалып, қолданысқа берілді.Мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділовтің есімі беріліп мектеп жанынан бюстісі орнатылды.
- жылы атқарылатын жұмыстар;
- Қарқара ауылындағы Қарқара орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 950,5 млн теңге;
- Тоғызбұлақ (88,9 млн теңге), Жалаулы (48,6 млн теңге) ауылының орта мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарына;
- Кіші Қарқара (42,0 млн теңге), Түменбай (13,0 млн теңге), Көкпияз (7,4 млн теңге) ауылының бастауыш мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарына ;
- Тасашы орта мектебінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 17,0 млн теңге;
- Кеген өнер мектебінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 28,9 млн теңге;
Денсаулық сақтау саласында 31 емдеу мекемесі бар (1 – аудандық аурухана, 7 – дәрігерлік амбулатория, 6 – фельдшерлік акушерлік, 17 – медициналық пункт)
60 дәрігер, 264 орта буын, 74 кіші буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.
- Кеген аудандық ауруханасының емхана ғимаратының бір блогынан (2000 шаршы метр) «Қамқорлық» қорының қолдауымен 25 төсектік мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалту орталығы ашылып жұмыс істеуде.
- 2024 жылы 8 елді мекенге (Темірлік, Жіңішке, Ереуіл, Мыңжылқы, Кеңсу, Мойнақ, Көкпияз, Ақсай) блокты модульды медициналық пункттерін орнату жұмыстарына биылғы жылға 327,7 млн теңге. 2025 жылға 71,0 млн теңге бөлінді.
- Саты ауылының дәрігерлік амбулаториясына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 42,0 млн теңге бөлінді.
- Ұзынбұлақ дәрігерлік амбулаториясына, Ақтасты медициналық пунктіне күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ –сы дайындалып, бюджеттік өтінім жолданды.
Биылғы жылы «Денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында:
6 елді мекеннің 4 еуіне медициналық пунктер, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда. ( Қарабұлақ ФАП (110,1 млн теңге) Жылысай ДА (182,0 млн теңге) Жаңаталап (74,9 млн теңге), Талды (88,8 млн теңге), Жайдақбұлақ (74,9 млн теңге), Күрметі (20,0 млн теңге)
Мәдениет және спорт саласы:
Ауданда 11 мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб және 13 кітапхана, 1 тарихи – өлкетану мұражайы жұмыс жасауда.
2025 жылдың 3 айында мәдени және спорттық 260 шара өткізіліп, 8 812 адам тартылып, әлеуметтік желілерде жарияланды. (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Қанат, Айтгүл Құдайбергеновтердің «Егіз сезім» атты концерті өтті. «Алау сезім» атты Шәмші Мәжиттің ән кеші ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінің Кеген халық театрының дайындауымен «Сыған серенадасы» мен «Мұғалім» спектаклінің қойылымдары халық көңілінен шықты. «Мұғалім» спектаклінің гастрольдік сапарын ұйымдастырды.
Ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты байқау ұйымдастырылды. Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Музейге сый» акциясы өтті. Наурызнама онкүндігі жұмыс жоспарына сәйкес біршама жұмыстар атқарылды. Қырғыстан республикасынан келген делегацияның құрметіне арнайы Кеген аудандық мәдениет үйінде Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» театрлық қойылымы қойылып, қонақтардың ризашылығымен, құрметіне бөленді. Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Кеген ауданының Құрметті азаматы Мекебаев Шеризат Сәрсенбайұлының шығармашылық кездесуі өтті. Дзюдодан 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы «Тама баба» республикалық турнирі өтті).
2024 жылы Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысына 356,7 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жылдың мамыр айында.
Саты ауылдық мәдениет үйіне 32,3 млн, Тоғызбұлақ ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеуге 25,0 млн теңге ағымдағы жөндеу жұмысына бөлініп, жұмыстары толық аяқталды.
Ауданның мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 157,0 млн теңге бөлініп, оған жылжымалы сахна LED экранымен бірге, дауыс жазу студиясы, сахналық киімдер, барлық мәдениет үйлеріне музыкалық аппаратура мен компьютерлер сатылып алынды.
2025 жылы:
- А. Нүсіпбеков ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 43,3 млн теңге бөлінді.
- Материалдық базаны нығайтуға 50,0 млн теңге, 1 жүк көлігі және 1 шағын автобус сатып алуға 27,1 млн теңге бөлінді.
Құқық қорғау саласы бойынша 2025 жылдың 3 айында 40/13 қылмыс тіркеліп өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 есеге өскен
Оның ішінде; ауыр және өте ауыр қылмыс 10/1 болып 10 есеге, бөтеннің мүлкін ұрлау 2/1 болып 2 есеге, мал ұрлығы 10/1 болып 10 есеге өскен. Жол көлігі оқиғасы бойынша 1/0 жағдай тіркелген.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан көлемінде 13 сергек және 700 қоғамдық бейне бақылау камералары орнатылды. (1.Кеген – 200 бейне бақылау камерасы, 7 сергек; 2.Алғабас – 55 бейне бақылау камересы; 3.Бөлексаз – 26 бейне бақылау камересы; 4.Жалағаш – 83 бейне бақылау камерасы, 2 сергек; 5.Жылысай – 45 бейне бақылау камересы; 6.Қарабұлақ – 55 бейне бақылау камерасы, 2 сергек; 7.Қарқара – 51 бейне бақылау камересы; 8. Саты – 50 бейне бақылау камерасы, 2 сергек; 9.Тасашы – 50 бейне бақылау камересы; 10.Ұзынбұлақ – 40 бейне бақылау камересы; 11.Шырғанақ – 92 бейне бақылау камересы; 12.Тұйық – 34 бейне бақылау камересы).
Алдағы уақытта Кеген ауданында белгіленген жоспарларды жүйелі түрде іске асыру үшін баршамыз бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқаратын боламыз. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету мақсатында түрлі салаларға инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жетілдіру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында нақты шаралар жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және өңірдің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларында да ауқымды жұмыстар атқарылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жаңа жобалар іске асады. Инвестициялық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы өңірімізге ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалады.