Қарқара ауылындағы өзекті мәселе қандай?!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде «Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады»,- деп атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Кеген ауданының әкімі Н.М.Теңізбаев Қарқара ауылының тұрғындарымен 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған мен 2025 жылға жоспарланған жұмыстар жайлы есеп беріп, ауыл халқымен пікір алмасты. Ауыл тұрғындарының пікірінше Қарқара ауылындағы ең өзекті мәселе құрылысы ұзаққа созылған Құмтекей каналы екен

«Жобаның жалпы құны — 16,848 млрд. теңге;

Игерілген қаржы — 3,351 млдр. тенге;

2025 жылға игерерілетін қаржы — 955,0 млн тенге;

Құрылыс жұмыстарының уақыты — 2020-2025 жылдар;

Қазіргі жағдайы — Жобаны ұтып алған компания талапқа сай өз уақытында жұмыс жасап жатқан жоқ. Қазіргі уақытта жұмыс тоқтап тұр.»

Ауыл тұрғыны Мұрат Сәтібаев канал құлысындағы олқылықтар мен төрт-түліктің қыс айларында суатына бару қиындауына байланысты қосымша көпір қосуға мүмкіндік бар ма деген сауал қойды. Құмтекей каналының құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облыстық құрылыс басқармасы болуына байланысты ұсыныс ретінде қабылданды. Қарқара ауылының ақсақалы Нүптекеев Ибрагим таулы аймақтағы климаттың суықтығы мен от жағу мерзімінің ұзақтығының тұрғындар үшін қолайсыздығын айтып, Кеген ауданына газ тарту мәселенің қалай болып жатқанынын тілге тиек етті. Алайда бұл мәселе де аудан тіптен облыс әкімдігінің де құзыретіне кірмейтіні бесенеден белгілі. Кеген ауданына газ келу, келмеуі дәл қазір уақыт пен қаржының еншісіндегі мәселе болып тұр.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Ауданның 2025 жылдың 3 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы аудан әкімі Н.М. Теңізбаевтың есепті баяндамасы
Следующая запись Өмірі-өнеге