ҒАСЫР ТОЛҒАН-БІЛІМ ОШАҒЫ

Read Time:7 Minute, 54 Second

«Мектеп — кеме, білім — теңіз» деген нақыл сөздің мағынасында қаншама сыр жатыр. Қай ғасыр, қай қоғамда болсын оның бастаушысы білім екені белгілі. Білімсіз  адам баласының дамуы, өркендеп өсуі мүмкін емес. Қазір 21 ғасыр білім кеңістігінің  ғарыштап өсіп отырғанын көрсетіп тұр. Бір кезде қиялға ерік беріп, ертегіге айналған дүниелерді көзбен көріп, өмірде пайдаланудамыз.

Білім кеңістігіне құлаш ұратын жетістіктер білім ордасы мектептен басталатыны айтпаса да түсінікті. Мектеп өмірінің тарихын білу — білім алған әр шәкірттің міндеті.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!-деп

Ұлы Мұқағали ақын айтқандай, артыңа бұрылып қарасаң, сан тарихи оқиғалар тізбектеліп өтері сөзсіз. Кеңес өкіметі келмеске кетті, бірақ артында айтар тарихи іздер бар. Ол кезеңнің барлық ісін теріске шығармай, елімізге тигізген жақсы жақтарын жасыруға болмас. Бұл тұрғыда  білім алу жолында көптеген жаңашыл жұмыстардың болғаны анық.

1995 жылы шыққан «Кеген ауданының өлке тарихы» деген кітапта (құрастырғандар: А.Бұқабаев, Ұ.Малдыбалаева). Аудан тарихы әр сала бойынша нақты деректермен қамтылған. Кітаптың 68-бетіндегі «Білім ордалары» деген бөлімінде: «Бұл өңірдегі ең алғашқы білім ордасы – Жалаңаш орта мектебі. Оның өзіндік тарихы бар. Алғашқыда екі жылдық қазақ-орыс мектебі деп аталып, Жалаңаш станциясының атаманы Александров тұрған үйге орналасты. Жалаңаш аймағынан алпыстан астам бала жиналды. Оқу тұңғыш рет 1919 жылдың күзінде басталып Бектұрсын Жүнісовпен Нұрбек Серікбаев ұстаздық етті » деп тайға таңба басқандай ауданда алғаш ашылған білім ордалары туралы жазылған. Соның дәлелі ретінде тарихи құжаттарға тіл бітірсек, кеше ғана орталық мұрағаттан табылған деректер Аламан баба ұрпақтарының өткенін жіпке тізгендей көрсетіп отыр. 1912 жылы С-Петербурктен шыққан П.П.Румянцевтың «Жетісу өңіріндегі тұрғындардың шаруашылығы мен жер пайдалануы» деген еңбегінде Аламанның әр атасынан бір ақсақал бастаған 145 топтың жан басы, қанша малы шабындық және жайылым жері мен қоныстары көрсетілген. Үлкен Арасаннан Көміршіге дейінгі тау етегіндегі әр атаның қоныстары аты-жөнімен, 3121 жан бар екені анық жазылған. Осы аталған аталардың қолында он бес мың қой, үш мың жылқы, екі мың ешкі, екі мың үш жүз сиыр, отыз түйе болған. Осынау тарихи деректерге қосымша осыған дейінде аталарымыз балаларды ауыл молдасынан оқытып, шамалы болса да білім алғаны білеміз.

Кеңестік кезеңде білімге жол ашылғанымен оның да кқп кедергілері болғанын жасыруға болмайды.1929 жылға дейін төте жазу бойынша одан 1940 жылға дейін латын жазуы 1940 жылдан бастар орыс кириллицасымен оқытылды.Енді мектептің өткен тарихына көз жіберетін болсақ 1988 жылы  Кеген ауданының құрылғанына 60 жыл толу қарсаңында аудандық «Коммунизм нұры» газетінде ауданның құрметті азаматы, көп жыл шаруашылықтарда басшы болған қадірменді қария Әбдікерімов Қанәділдің «Қилы-қиылы кезеңдер» деген естелік жазбалары газеттің 10-15 нөмірінде берілді.Өзінің алғаш құрылған Кеген ауданда бастаған жұмысынан бастап көрген білгенін, ой түйген тарихи деректерді, қызмет істеген азаматтардың аты-жөнін нақты тарихи деректермен келтірген. Ол кісі қазіргі Ақтасты – Қурайлы өңірінің тумасы. Осы өңірде кезінде көп жыл болыс болған тарихи тұлға  Еспенбетұлы Дәркембайдың туған немересі. Аталары би, болыс болған деп сонау 1937 жылдары айдауда Сібір өңірінің жерін басып, жазықсыз жалаға ұшыраған қайсар жан. Бұл жолдарды әдейі жазып отырмын, осындай жазықсыз жалаға ұшыраған жандар біздің өңірде қаншама, оларды еске алып отыру парыз.

Қанәділ әкеміздің мектеп тарихына қатысты айтқаны: «Біздің ауылда мектеп шын мәнінде 1924 жылдан бастап ашылды соған орай мен он жасымнан оқыдым. Қурайлы мектебін алғаш ашып, бізді оқытқан ұстаздар – Әбдісүлеймен Хасенов, Жүнісбай Дәлібаев еді. Мен бұл меткептің үшінші класын 1927 жылдың көктемінде бітірдім. Соның өзінде мені жұрт білімді қызметкер бала санайтын еді.

Ал келесі естеліктің иесі – Нарынқол өңірінде ұзақ жылдар бойы ағарту, партия–кеңес қызметінде болып кейін аудандағы іргелі шаруашылықтар – Калинин және Абай атындағы кеңшарларды басқарған, кеңестік кезеңінің жоғарғы марапаты «Ленин» орденінің иегері болған, қадірменді қария Смағұлов Әбдіразақ та осы аталған Қурайлы мектебінің алғашқы шәкірті болған.

1924жылы «Сауатсыздықты жою қоғамы»  құрылып, Қурайлы бастауыш мектебі ашылды.Алғашқы мұғалім КСРО және Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің құрметті қызметкері болған Әбдісүлеймен Қасенов еді.Ол кісі 1906 жылы қазіргі Райымбек ауданы Сүмбе ауылында өмірге келген.Білім саласының ардагері.

1922-24 жылдары Қурайлыдағы ел мойынсерікке бірігіп, оны басқарған Бақаев Досбай деген азамат осы жерге елді жиып, соқпатам үйлер салдыра бастаған. Балаларды оқыту мақсатында мектепке лайықтап там үй тұрғызды.

1928-1932 жылдары бастауыш мектепте Көшербайұлы Сайдакбар,Байбасшаұлы Нұрбай сынды азаматтар ауыл арасында сауат ашу жұмысына белсене қатысып, ұстаздық етті.

1932-1940 жылдар арасында Әлімқожа Қасенов мектеп жұмысын жалғастыра берді.Бұл кісі туралы Кегендегі өлкетану музейінде еңбектерін көрсететін арнайы бұрыш бар.

1944-1949 жылдар аралығында Шортанов Тақабай мектепке басшылық жасады.Ол кісінің баласы қазір жасы сексенге келген Кеген ауданында партия-кеңес жұмысында істеген ауданның құрметті азаматы Тақабаев Марат осы Қурайлы ауылында дүниеге келген.Қазір арамызда отыр.Ол кісінің анасы көзі тірі 103 жасы келген Күлпара апай осы мектеп жөнінде көптеген естеліктер айтып берді. Осы жылдар аралығында ардагер ұстаз Манабаев Тәжібай,Тұяқбайқызы Сәлихан,Қалжатбаев Рабат,Мұқашев Болатбек жастарға білім беріп,өнегелі істерімен көпшілік көңілінен шықты.

Жоғарыда айтылған үш дерек бойынша 1924 жылы бұдан жүз жыл бұрын Қурайлы ауылында ашылған білім ордасын1949-1962 жылдары Сағынышов Мырқасымбай жетекшілік етті. Кейінгі тарихқа көз жіберер болсақ, 1958 жылға дейін бастауыш мектеп мектеп Қурайлыда болған. Сол жылдары Қурайлыдағы ауылды толығымен Ақтасты өңіріне көшіріп, жаңа тұрғын үйлер салына бастайды. Жаңа ауылға төрт бөлмелі мектеп үйін салдырады. Ол мектеп «Қызылту бастауыш» мектебі деп аталған.

1962-1967 жылы мектеп меңгерушісі болып Леміс Әбдікерімов келді.Сол уақытта Кеңесжан Алиасқаров,Күкен Қойшыбаева,Зәуре Елікбаева,Құрманәләқызы Советай еңбек етті.

1967 жылы бала санының көбейуіне байланысты ыңғайластырылған екі корпус үй салынып, мектеп сегіз жылдыққа айналды. Директоры болып Оразбек Мұқашев тағайындалды.Осы жылдары Нұрсейітов Бейсекерім,Кәрібаев,Жөкен,Бүйенбаев,Тұрар,Алжанбаев, Кекілбай,Мамырбаев Жұмажан,Рысбаева Күлшахандар еңбек етті.    1969-1972 жылдары мектепке Бәзіл Әбілқожаев басшы болды.

1972 жылдан бастап КСРО ағарту ісінің үздігі тәжірибесі мол Төленбай Мұстафаев басшы болып келді.Бала саны жыл сайын көбейіп мектеп тарлық ете бастады.Білікті басшы бұл жолдан шығудың мүмкіндігін тапты. «Іздеген жетер мұратқа» демекші 1966 жылдары кеңестік кезеңде мұғалімдерге арнап «Қызылту» совхозы екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үй салған.Ол үйге мұғалімдер көп отырмады.Себебі ауылды жер болған соң жанұяның тұрмыстық жағдайына сәйкес келмеді.

1970 жылы «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы атындағы тәжірибе шаруашылығы» құрылып,орталығы Ақтасты ауылында болды.Ғимарат шаруашылықтың конторы болып,бір жылдан соң орталық Тасашыға ауысты.Осы кезде мектеп директоры бос қалған ғимаратты мектеп үйі жасауға келісіп,әр пәтерді сынып бөлмесіне лайықтап қайта бұзып жасадық.Құрылыс жұмысына шаруашылықтан еш көмек болмай,ер мұғалімдер Алиасқаров Кеңесжан, Мамырбаев Жұмажан,Тұяқбаев Ордабай, Мұқажанов Асқар, Абдрахманов Ыбырайымжан, Малбеков Нұр жазғы еңбек демалысында қайта жасап, 1975 оқу жылына дайындады.Ұстаздардың осынау ерлікке пара-пар жұмысының арқасында оқушылар жаңа мектепке кіргендей болды.Бұл жұмысты ұйымдастырған Төленбай Мұстафаевқа айтар алғысымыз мол.

1976-1978  оқу жылында осы ауылдың тумасы Әбдісейіт Жансеркеев басшы болып келді.Көптеген игілікті істер жасады.Сол кезде ауылда ауыз су мәселесі өте қиын еді.Ақтасты бұлағы таудан келеді,күнгейінде біздің ауыл,теріскейі Тұйық.Тұйықта шахта бар.Руда шыққан аймақтың суы денсаулыққа зиян екенін ескермей ауыл тұрғындары суды көп пайдаланды.Осы зиянды су көп ауруларды туғызды.Әбдісейіт әкеміз жоғарғы жаққа жаза жүріп,суды тексеруге сарапшылар шақырды.Суда иод жетіспейтіндігі,ішуге жарамайтындығы анықталды.Содан кейін ауыл тұрғындарына Арасаннан су тасу жұмысын ұйымдастырды.Бұл кісінің еңбегін ауылдастары ризашылықпен ауыздарынан тастамай жүрді.

Кейінгі мектеп басшылары болған Әбдіғұлов Исаділ,Мамырбаев Жұмажан,Әлімов Жеңіс бастаған білімді де,білікті ұстаздар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жоғарғы деңгейде болуын көңіл бөлді.

1987-1997 жылдар аралығында осы мектептің басшысы болдым.

1989-1991 жылы Ақтасты орталау мектебі болып аталды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көп қиындықтар туындағаны көпке аян.10-11 сыныпта сыртта оқу балаларға көп қиындық әкелді.Жоғарғы жаққа жиі барып,ата-аналардың өтінішін жеткізудің арқасында 1992 оқу жылында Ақтасты орта мектебі болып өмірге келді.Бұл ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш,балалардың орта білім алуына жасалынған қамқорлық.

Осы жылдар арасында екі оқушы Қырымдағы бүкілодақтық Артек пионер лагерьінде Қиясов Төлеген мен Есқожаева Гулшат демалу мүмкіндігіне ие болды.Мұны да мектептегі жетістіктердің арқасы деуге болады.

1997-2004 жылдары Қамбарбеков Талғат,

2004-2007 жылдары Дәуітбаев Мұратбек

2007-2024 жылдары Абыханова Нұргүлдер мектепке басшылық жасады.Мектеп өмірінде оқушыларға біліммен білік,тәлімді тәрбие беруде заман талабына сай еңбек етіп,көптеген игілікті жетістіктерге жеткенін атап айтпасқа болмас.

1994-1995 оқу жылында Малбекова Гүлнұр,Сембаева Әсел, 1997-1998 оқу жылында Жолсейітова Гүлнұр, 2019-2020 оқу жылында Мүтән Әділет,2020-2021 оқу жылында Мүтән Арайлым,Ғалымжанқызы Бағлан алтын белгі иегері атанды.

«Мектептің жүрегі – ұстаз» демекші, К.Алияскаров, Г.Рысбаева, Ы.Әбдірахманов, О.Тұяқбаев, М.Сартолов, Р.Әбдірахманов, Т.Бәйділов, Ж.Тұрғынова, Ә.Шәршеева, Ә.Әбдірахынова, Г.Елшібекова, Г.Сабырбекова, Ә.Байсемізова, М.Тәшиева, Н.Абықанова,Н.Бәкеева,Б.Бекмұханбетова,К.Мұхамедина сынды ұлғатты ұстаздардың атын атамасқа болмас. Бүгінде ғасыр жасап отырған қасиетті шаңырақтан көптеген елге танымал азаматтар шықты. Қойшыбаев Мұрат – ауылшараушылығы  ғылымының докторы, Қиясова Бақытгүл – тарих ғылымдарының кандидаты, көп жыл шаруашылық басқарған Амантай Нұрғожаев, Өкен Тілеубаев, Құрманжан Нұрпейсов,Қанат Құсайынов,Жақан Адасбаев, Төлқожа Мұқановтар. Әскери және ішікі істер саласында полковник дәрежесінде қызмет еткен – Ердос Әбдірахманов, Е.Сартолов, М.Мұқанов, М.Байғазиев, А.Қожабеков қазір түрлі салада қызмет етіп жүрген М.Тұрашұлы,А.Әбдірахманов, Б.Қиясов, А.Ұзақбеков,Ұ.Малбеков сынды азаматтармен қатар осы мектептен білім алған ұстаздар шоғырын мақтан етеміз.

Кейінгі кездерде халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардан,ғылыми жобалардан орын алып,жақсы нәтижелерге жетіп жүрген оқушылар көптеп саналады.Есқалиқызы Інжу,Кеңесжан Аңсар,Көлбай Мадина,Жанат Алдияр сынды оқушылардың жетістігі мектеп үшін үлкен мақтаныш.

Қазіргі кезде ғасыр толған білім шаңырағында Қымбат Қамбарбекова бастаған жігерлі де,білімді ұстаздар еңбек етуде.Бүгінгі үлкен шараны ұйымдастыру жұмысын өз дәрежесінде жүргізген Алиасқаров Қанаттың еңбегін атап өтпеске болмас.Сонымен қатар С.Калимова,А.Керімқұлова,Ж.Қанаева,Б.Нақысбеков.Ж.Адасбаев,А.Мақанбаева, Г.Ақынбай,Д.Бекмұратовалар сапалы білім беру жолында еңбек етуде.

Қасиет қонған осынау білім шаңырағының 100 жылдығына уақытпен санаспай атсалысқан бұрынғы шәкірттерге аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев мырзаға,Тасашы ауыл әкімі Ерболат Төребаев мырзаға көпшіліктің атынан алғыс айта отырып,еңбектеріңізге табыс,дендеріңізге саулық,елімізде тыныштық болып,жақсы күндерге жолыққанша.

                                       Қазақстан Республикасының білім озаты,

ардагер ұстаз Малбеков Нұр Қашланұлы.

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись «Дипломмен ауылға»: Кеген ауданына серпін берген мемлекеттік бағдарлама
Следующая запись Кеген аудандық жастар ресурстық орталығында «Кунг-Фу Панда» мультфильмі көрсетілді!