Екі елдің ынтымақтастық көпірі

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен ынтымақтастық ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени байланыстарға негізделген. Екі елдің ортақ шекарасы тек географиялық шекара ғана емес, бауырластық пен ынтымақтың символына айналған. Осы тұрғыда Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан «Кеген» шекаралық өткізу бекеті – қос мемлекетті байланыстыратын маңызды стратегиялық нысан. Сол стратегиялық нысан кешегі күнге дейін таңғы 7:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істесе, бүгіннен бастап тәулік бойы, демалыссыз жұмыс режиміне ауысты. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы күшіне енуіне байланысты жүзеге асырылды. Оның басты мақсаты – азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, шекара маңындағы сауда мен туризмді дамыту және қос мемлекет арасындағы өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты нығайту. Өткізу бекетінің 24/7 режимінде жұмыс істеуі қандай мүмкіндіктерге жол ашатындығын талдап көрсек:

  • Бірлескен туристік жобалар мен сауда-экономикалық бастамалардың дамуына жаңа мүмкіндік: туристік ағымдардың маусымдық емес, тұрақты болуына ықпал етеді;
  • Шекара маңындағы елді мекендердің әлеуметтік және мәдени өмірін жақсартады;
  • Аймақ тұрғындарының араласуына, туыстық қатынастарды нығайтуға жол ашады;
  • Аймақаралық сауда айналымын артады деп күтілуде.

«Кеген» бекеті – Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын Қырғызстанмен жалғайтын басты жолдардың бірі. «Кеген» шекаралық бекеті екі ел арасындағы көлік дәлізінің негізгі бөлігі ретінде Еуразиядағы транзиттік әлеуетті арттыруда да маңызды рөл атқарса, қосымша туристтерге бауырлас қос елдің көркем табиғатын тамашалауға зор үлесін қоспақ. Ал ол қос елгедің туристтік әлеуетінің маусымға қарамай даму уақытын жеделдетеді деп сенеміз.

«Кеген» шекаралық бекеті халықаралық стандарттарға сай жабдықталған және тәуліктің кез келген уақытында азаматтарды, туристерді және жүк тасымалдаушыларды қабылдай алады. Бұл екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі арттырып, аймақтардың логистикалық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік беріп отыр. Бекеттің қызметі тек экономикалық ғана емес, қазақ-қырғыз бауырластығының нақты дәлелі. Екі ел арасындағы туыстық қарым-қатынас, ортақ тарих пен мәдениет шекаралық ынтымақтастықтың ерекше дамуына ықпал етпек.

«Кеген» шекаралық өткізу бекетінің тәулік бойы жұмыс істеуі – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің көрінісі. Бұл бекет тек көлік дәлізі ғана емес, бауырлас халықтарды біріктіретін алтын көпір. Оның тәулік бойғы жұмыс істеуі екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігін нығайтып, Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістерге серпін беріп отыр.

Мақпал Шадан

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Шекаралық мәселелер талқыланды
Следующая запись Жақсының жақсылығын айт