
Алтын ұя мектебімізге – 100 жыл! (Эссе)
Биыл біз үшін ерекше жыл – Ақтасты орта мектебінің іргетасы қаланғанына 100 жыл толып отыр. Бір ғасырлық тарихы бар алтын ұямыз талай ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың арманына жол ашқан қасиетті шаңыраққа айналды.
Ақтасты орта мектебі – тек білім ордасы ғана емес ауылымыздың жүрегі, рухани тірегі. Осы мектептен қаншама шәкірт түлеп ұшты, бүгінде олар еліміздің әр түкпірінде түрлі салада еңбек етіп жүр. Мұғалімдердің мейрімі мен талапшылдығ, оқушылардың ізденісі мен тәрбие берудің үлгісі болып келеді.
Мектептің тарихына көз жүгіртсек, алғашқы кезде бірнеше ғана сынып пен қарапайым ұстаздардан басталған жол бүгінде заманауи білім беру орталығына айналды. Уақыт ағымымен бірге мектеп те жаңарып, түрлі жетістіктерге қол жеткізді. Олимпиадалар мен байқауларда жеңіске жеткен оқушыларымыз – мектебіміздің абыройын сақтап жүрген жұлдыздар.
Қазірге дейін менің мектепке алғаш барған күнім есімнен кетпейді. Себебі, сол күні менімен бірге менің анамда барды. Ол менің ғана емес, менімен бірге менің анамда барды. Ол менің ғана емес, менімен бірге келген достарымның да бастауыш сыныптағы алғашқы ұстазы болды. Анамның менімен бірге бір сыныпта болып, бізге әріп танытып, жазуға үйреткені – өмірімдегі ең жылы естеліктердің бірі. Басқа балалар анасын есіктің сыртында қалдырса, мен анаммен бірге білім әлеміне бірге қадам басты. Бұл менің мектепке деген махаббатымды одан сайын арттырды.
Мекткп қабырғасында өткен әрбір күн жүректе мәңгі сақталатын естелік. Сыныптастарыммен өткізген қызықты сәттер, мұғалімдердің жылы сөзі мен ұлағатты, түрлі шаралар мен мерекелік кештер. Бәріде ерекше орын алады. Ақтасты мектебі бізге тек білім ғана емес, достықты, сйластықты, еңбекқорлықты, адамгершілікті үйретті. Әр күнім жаңа жаңалыққа толды. Сабақтар түрлі үйірмелер, іс-шаралар бәрі менің даму жолыма үлкен әсерін тгізуде. Мектептің әр бұрышы,әр партасы мен үшін өте ыстық. Себебі, осында мен өз арманымның негізін қалаудамын.
Менің болашақ арманым – елім үшін қызмет ететін, үлкен жетістіктерге жететін тұлға болу. Ал осы арманға апарар жол – дәл осы мектебімнен басталды. Ақтасты мектебі – менің ең алғашқы ұстазым, ең алғашқы арманымның мекені. Мен сөз өнерін ұнатамын, бос уақытымды өлең мен тақпақ шығарумен айналысамын. Ал енді Мектебіміздің 100 жылдығына арналған өз шығармамды оқып берейн:
Алтын ұя – мектебім!
Ақтастының төрінде,
Білімнің бар өрінде,
Жүз жыл толды мектебім
Шуақ шашқан өмірге!
Ұстаздарым ардақты,
Жүректерге нұр шашты.
Оқушыны самғатып,
Арманыммен қанатты.
Жүз жылдық бұл тарихта,
Еңбек, ізгілік, намыс та.
Алтын ұя мектебім,
Жасай бер мәңгі даңққа!
100 жыл – үлкен белес. Бұл талай еңбек еткен ұстаздар мен ұрпақ тәрбиелеген ұлы жолдың айғағы. Осы мерей той біз үшін мақтаныш әрі болашаққа деген сенім. Ендігі міндет – осы алтын ұяны ары қарай дамыту, оның даңққын арттыра түсу.
Мен өз мектебімді жан-тәніммен жақсы көремін. Ақтасты орта мектебінде оқып жатқанымды үлкен мақтаныш санаймын. Ұстаздарыма мың алғыс және шәкірттеріне жарқын болашақ тілеймін!
Алтын ұя мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы құтты болсын!!!
Бақберсінқызы Аяна
Ақтасты орта мектебінің
7 сынып оқушысы