
Ұрпаққа үлгі, ұлатқа ұя – Ақтасты мектебі. (Эссе)
Білім – ел болашағының алтын қазығы. Мектеп – сол білімнің шам-шырағы. Биыл еліміздің білім беру саласындағы айтулы ордалардың бірі – Ақтасты орта мектебіне 100 жыл толып отыр. Бұл – тек ғасырлық тарих емес, бұл – сан ұрпақтың тағдыры, мыңдаған шәкірттердің өмір жолының басталуы, талай ұстаздың ұстаздың маңдай терімен жазылған жылнама. Ақтасты орта мектебінің негізі XX ғасырдың бас кезінде қаланған. Сол кезең — еліміз үшін ауырәрі тарихи бетбұрыстарға толы уақыт еді. Жаңа заманның лебі сезіліп, халықтың сауаттылыққа ұмтылысы артып келе жатқан шақ. Осындай кезеңде ауыл халқы бір кісідей жұмылып, болашақ ұрпағына білім беру ісін бастап берді. Алғашында бірнеше бала ғана қамтылған шағын оқу орны, бүгінгі күні заман талабына сай жабдықталған, жүздеген оқушыға білім мен тәрбие беріп отырған іргелі білім ордасына айналды.
Ақтасты мектебі — тек білім беру орны ғана емес, ауыл руханиятының алтын бесігі. Осы мекткептен елге танымал азаматтар түлеп ұшты. Әрбір кезеңде де мектептің өсіп-өркендеуіне өщіндік үлес қосқан ұстаздар легі болды. Ұстаз — болашақты сомдаушы.
Мектеп мұғалімдері әр балаға үмітпен қарап, олардан елге адал қызмет ететін азамат қалыптастыруға ұмтылады. Бұл — бүгінде жалғасын тауып келе жатқан дәстүр. Ақтасты мектебінің жетістігі — оның ұлағатты ұстаздарының еңбегі деп айтқым келеді. Қазіргі таңда жос мамандар мен тәрбиелі ұстаздардың бірлігі арқасында. Ақтасты мектебі білім сапасы мен тәрбие беру ісінде жоғары нәтижиелерге жетіп отыр. Ұстаздарымыз бізге патриоттық тәрбие берді.
Ғасырлық белесте өткенге көз жүгіртсек, бұл мектептің тек білім ордасы ғана емес, рухани, мәдени орталық болғанын аңғарамыз. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған түрлі үйірмелер, концерттер, көрмелер — ауыл өмірінің айырылмас бөлігіне айналды. Мұнда тәрбиеленген әрбәр шәкірт туған жерін сүюге, еңбекке баулауға, үлкенді құрмеььеуге үйренді. Ғасыр толған білім ордасы — тек өткеннің естелігі емес, болашаққа бағдар, үміт пен сенімнің темірқазығы. Ал менің мектебім — ұлттың жүрегі, елдіңертеңі деп білемін.
Ақтасты орта мектебінің 100 жылдық тарихы — бір ауыл дың ғана емес, тұтас бір ұлттың өсу, өркендеу жолының айғағы. Бұл — білімнің шамшырағы. Бұл — білімнің шамын сөндірмей, шәкірттің руханияттың отын маздатқан ұлағатты ұстардаздың, ел үмітін арқалаған шәкірттердің қара шаңырағы. Мектептің ғасырлық мерейтойы — барша Ақтасты жұрты үшін қуаныш пен мақтаныш. Барлық ұстаздар мен шәкірттерді шын жүректенқұттықтай отырып, білім ордасына өркендеу тілеймін! Алдағы уақыттырда да бұл киелі білім ордасы қасиетті мекен болып қала беретініне кәміл сенемін! Жүз жылдық тарих — мәңгілік рухтың, биік руханиет пен шексіз үміт шырағы!
Әли Еңлік
Аққтасты орта мектебінің
10 сынып оқушысы