
Иен даланың құпиясы. Жалғасы…
1751 жылдары Райымбек батыр бастаған қазақ елшілерін , Ағанас тайшы Шарын бойындағы Ақтоғайда арнайы тігілген үйлерде қабылдаған. Осыған қарағанда, ол жалпы осы атыраптағы басшы болған. Осы жерде Райымбек батырлар жерді босатып кетулеріне 3 жыл мерзім мұрсат беріпті. Алайда осы мерзімде босатпаған соң, қарулы қазақ әскері , қалмақтарды шауып, талқан еткен. Ағанас Райымбекпен жекпе-жекте қаза болды. Ол туралы жыр дастаны бар.
1755 жылдары қалмақтарды қуып, жерімізді азат еткен кезде, сақталынған ірі қала орындарының бедерін көріп, Ее Ағанас ханның ордасы осы деген түсінік қалыптасқаны анық. Өйткені көне Үйсіннің тоғандарында, қалмақ тоғаны деп шатасты. Бұл да сол , қала орнын Ағанасқа жабу әрекеті. Бұл шындығында ата жауымыз қалмақ Ағанастың жазығы емес, Құяс жазығы болуы керек. Қалмақтар да қазақтар секілді көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халық. Тек арасында егінші ұйғырларды айдап әкеп, егінді соларға салдырып тары жинаған деген жазба деректер сақталынған.
Құяс қаласының дәлелі –В.Бартольдтың картасы. Картада батыс шеті Іліптің күмбезі. Оңтүстігі Кауменнің бейітінен төмен жазық жерлерде қала орны деп белгіленген. Төмен қарай Ағанас тегіс жазығының көлемі 900 га болады. Осының ішінде карта бойынша қарағанда , қала бедері салынған жер 500 га –ға жуық.
Жалаңаш жазығының 1892 жылы сызылған картасы
Махмұд Қашқаридің «Дуани лұғат ат-түрік» сөздігінің Түріктің Шығыл/Шыбыл, Чігіл/ тайпасы анықтамасында Барсығанның төменгі жағасында Құяс шаһарында жасайтын көшпенділер, қала тұрғындары 2000 адамдай болған деп жазған.
Барсыған қаласы Саты ауылынан Көлсай жолынан Күрметіге бұрылар жеріндегі қала орны. Бұл туралы Барсыған –Алатаудың Сапы-Саты асуының етегінде. Шелек өзенінің бойындағы қала деп жазған. Бұл бірінші сәйкестік. М.Қашқари «Барсығанның сыртында Құясты Шігілдер мекендеген жерде» деп жазған. ҚСЭ 7 том 74 бет. Жанындағы Далашық жайлауының төр жағы Шыбылдың жайлауы бар. Қашқаридің жазбасындағы шыбыл/чігіл тайпасы осы Бұл екінші сәйкестік. Ал Ақай ауылының аяқ жағындағы Жалаңаш жазығында Құяс қаласы. Бұл үшінші сәйкестік болып келеді. Парсы тарихшысы Алладин Жувейнидің жазбасында Құяш Алмалыққа жақын, Іле өзенінің оңтүстігінде деп жазыпты.
Бір жазбаларда Құяс қаласын Шағатаймен байланыстырады. Сонда бұл қала Шағатай дәуірінде де өмір сүрген. Шағатай -Шыңғысханның Жошыдан кейінгі екінші ұлы, 1183- 1241 жылдары өмір сүрген. Шағатай есімімен түркі әдеби тілі қалыптасты. Оны Шағатай тілі деп аталды. Наймандар пайдаланған жазу, кейін Шағатай жазуы атанды. Шағатай Шыңғысхан шығарған заңдарға өте жітік болған. Көп жерде шешуші сөздерді айта білген. Жалал Қаршының айтуы бойынша Шағатайдың Ил-Аларгу. Қаласы Алмалық. Іле өзенінің оңтүстігі, Жаздық астанасы Құяс. Жанында Көк тауы бар деп жазған. Жанында көк тау бар дегені солтүстігіндегі Торыайғыр тауы. Бұл төртінші дәлел.
Шағатайдың да жазғы астанасы Құяс болса, Шағатай ханның жерленген жері Шелек өзені басынан табылуы да осы жердің сәйкестігін білдіреді. Бұл бесінші дәлелге келіп тұр.
Шағатай Шелек өзенінің ең басы Бестармақ деген жерге жерленген. Саты ауылынан Шелек өзені бойымен батысқа 90 шақырым жерде. Оңтүстігінде биік қарлы тау асса Алматы қаласының тұсына келеді. Құясқа қатысты ескі жазбалардың бәрінің біздің өлкеге сәйкестеніп келіп жатуы, бұл ешқандай кездейсоқтық емес.
Сәрсенбай Болат Жапсарбайұлы
Өлкетанушы
Ақай ауылы
Average Rating