Иен даланың құпиясы

Read Time:1 Minute, 39 Second

Туған жеріміз туралы ойлаған кезде, көркем табиғатымен қоса, кешегі дүбірлеген замандардың сарыны да естіледі. Найзаларын көтеріп, ел қорғаған бабалар рухын , жер қайысқан тұлпарларының дүбірін тербеткен қасиетті жер.   Қасиетінің белгісі 1500 жылдарға кейіндесек бұл жерде  Көне Құяс қаласы жатыр. Естеми жабғы 554-576 жылдары билік құрған.  Қазақ Совет Энциклопедиясы 4 том «Дулат мақаласы» 41 бет.    «Дулу қағаны Естеместің /Естеми/ ордасы, Көне Құяс қаласы- Алматы облысы Кеген ауылы маңында Жалаңаш бөктерінде болған»    –деп жазған  Тарихшы, аудармашы Байұзақ Рақымұлы Албани Қазақ Совет Энциклопедиясына 300 ден аса ғылыми мақалаларын енгізген .  ол мақалалар талай ғылыми сүзгілерден өтіп қабылданған. Ол кісі ежелгі Қытай жазбаларын аударған Л.Гумилов, В. Бартольд еңбектерін келтіріп, Естеми, Бумын Күлтегіндердің Үйсіннің Дулаттарынан тарайтынын ашық жазып та айтып та жүрді. Оны білсе де, жасыруға  тырысқан күштер көп еді. Тіпті бүгінгі күнде де сақтанатын әрі теріс бұратын тарихшылар көп.

Байұзақ аға 1977 жылдары тығылған асыл көмбемізді алғаш айтқандардың бірі болды.  Алғаш 2002 жылы Құяс қаласы Жалаңашта дегенінде таң қалғанмын. Кейін осы сөздің растығына көзім жетті.

Көне Құяс қаласы осы жерде болған.

Солтүстігі  Торыайғыр тауы, оңтүстігі Күнгей Алатауы. Шығысы Үйсін тауы, батысы Іле Алатауына жататын Қаратау Далашық  қоршап жатқан кең жазықтық  — Жалаңаш жазығы. Әрі қос өзен  Шелек пен Шарын суларының аралығында жатыр.  Ағанас деген атауы да, осы жазықтың балама аты. Ағанас -қалмақтың тайшысы . 1700-1754 жылдары өмір сүрген. Әрі  дәулетті , ықпалды қалмақ болған.  Қазақ арасында  ауыз екі деректерде, жазба жырларда  хан болған дейді. Қалмақтардың Буырыл хан секілді Ағанасты да хан атағанымен негізі тайшы болған. Тайшы- көне замандарда өлеңші деген мағананы білдірген. Осыған қарағанда жыраулық қасиеті болды ма екен.   «Осы жерде Ағанастың ордасы болған,  қалмақтар егін сепкен» деген сөздерді бала кезде үлкендерден естідік. Кейін тарихи деректер арқылы анықтағанымызда Ағанас ордасы -Тоғызбұлақтың аяқ жағындағы Екпіндінің жерінен Жуантөбенің астында болыпты.  Қытай жерінде 1930 жылдары Алтыбаев Әбен ағамыздың атасына, бір қалмақ шал айтқан екен

« Ее шіркін, Жуантөбе –Ағанас ханның ордасы еді. Қыз бозбала ырғалып жүрген жер еді.  Жарқора-қозы лақ ойнақтаған жер еді. Теректі қорым –Ағанас ханның қазынасы қалған жер еді» депті.

Жалғасы бар….

Сәрсенбай Болат Жапсарбайұлы

Өлкетанушы

Ақай ауылы

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Мұражайдың құнды жәдігері
Следующая запись Иен даланың құпиясы. Жалғасы…